- Подробности
-
Категория: №15 (10335) от 12 апреля 2018 года
-
Создано 11.04.2018 15:14
-
Просмотров: 4733
Осы аптаның сейсенбісі күні абаттандыру, санитарлық- тазалық айлығының басталуына орай, аудан әкімдігінің отырысы өтті. Оған барлық тиісті сала басшылары, құқық қорғау органдары қатысты.
Отырысқа жетекшілік еткен аудан әкімі Қуандық Испергенов аудан орталығын, ауыл-аймақты көркейтуге, санитарлық жағдайды қалыпқа келтіруге баса көңіл бөлу қажеттігін айтты.
- Биыл 12 сәуірден бастап екіайлық санитарлық-тазалық айлығы басталады. Осыған байланысты тазалыққа жоғары талап қойып, абаттандыру мәселесімен айналысатын нақты адамдарға қатаң талап қоюымыз керек. Тазалық маусымы жайлы үгіт-насихат жұмысын жандандырып, ақпаратты кеңінен жүргізу керек. Барлығымызға ортақ істен ешкім де шет қалмауы тиіс,- деп атап өтті Қуандық Хайдарұлы.
Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сапабеков, аудандық жергілікті полицияның басшысы А.Байзаков, Таран ауылдық округінің әкімі А.Ильченко тазалық айлығындағы атқарылатын жұмыстар, құқық бұзушылық орын алған жағдайдағы салынатын айыппұлдар туралы әңгімеледі.
- Барлығымыздың көшеге шығып, әр ұжым, мекеме, оқу орындарымен тазалық орнату жайлы әрбір адаммен жұмыс істейтін кез келді. Ауданда тәртіп, тазалық, көгалдандыру жұмысы күнделікті жүргізілуі тиіс. Әр учаскеге бөлінген тиісті адамдарға қатаң талап қойып, бақылауға алу қажет,-деп жиынды қорытындылады аудан басшысы Қ. Испергенов.