- Подробности
-
Категория: №16 (10336) от 19 апреля 2018 года
-
Создано 18.04.2018 13:57
-
Просмотров: 4600
Сәуірдің 12-ші жұлдызында С.Ерғалиев атындағы орта мектептің қабырғасында білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық семинар өтті. «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында жүргізілген іс-шара денешынықтыру пәнінің мұғалімдерінің, әдіскерлердің басын қосты.
Бір күнге созылған семинар жыл сайын өткенімен, біздің өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылыпты.«Семинарға барлығы елуге жуық адам қатысты. Шағын концерттік бағдарламамен сабақтасқан ашылу рәсімінде білім беру бөлімінің басшысы Айгүл Алимбаева, денешынықтыру және балалар-жасөспірімдер туризмі өңірлік орталығының директоры Қуаныш Бимурзин сөз сөйледі, кейін мен ауданымыздағы денешынықтыру жағдайы туралы баяндамамды ұсындым. Содан соң, жиналғандар спорт залына барып, ашық сабақтарға қатысты. Өзінің педагогикалық шеберлігін Набережный орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ренат Каримов және С.Ерғалиев атындағы орта мектептің мұғалімі Ерболат Орақбайұлы көрсетті. Ал, «Волейболдағы техниканы жетілдіру» тақырыбындағы шеберлік класын Б.Майлин атындағы орта мектептің мұғалімі А.В.Поколодин көрсетті», - дейді білім беру бөлімінің әдіскері Виталий Мозер.
Презентациялық алаңда денсаулық сақтау технологияларына аса мән берген Май орта мектебінің мұғалімі Владимир Горбенконың қонақтардың көңілінен шыққаны байқалды. Қуаныш Бимурзиннің сөзіне қарағанда, мұндай іс-шаралар мұғалімдердің теориялық және ғылыми-әдістемелік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.