- Подробности
-
Категория: №18 (10338) от 4 мая 2018 года
-
Создано 04.05.2018 06:30
-
Просмотров: 3239
Мемлекет болған соң, ол мемлекеттің тілі, дінімен қатар, мемлекеттің шегін айқындайтын сол мемлекет үшін ең бастапқы, әрі нақты қадам – ол Мемлекеттік шекараны белгілеу. Ал, сол Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету жөніндегі міндеттерді орындау шекарашылардың мойынына артылған.
«Аят» шекара заставасының мәлімдеуінше, мемлекеттік шекараның қорғаушысы дегеніміз - бұл тәуліктің кез-келген уақытында және ешқандай да ауа райының жағдайына қарамастан, біздің Отанымыздың шебін күзетуші. Жалпы, шекарашылардың қызметі көптеген қиындықтар мен қызық оқиғаларға толы. Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзету кезінде көптеген Мемлекеттік шекараны бұзушылар ұсталынып жатады. Мемлекеттік шекараны бұзушыларды ұстау барысында әртүрлі айла-тәсілдер, заманауи құралдар, қызметтік жануарлар қолданылады, соның бірі - қызметтік иттер. Бұлар - шекарашылардың әрі адал досы, әрі күшті көмекшісі.
Бұл мамандықтың қиындығына, ауыртпалығына қарамастан, өз міндетін аса жауапкершілікпен, асқан шеберлікпен атқарып жүрген, үлгілі жауынгердің бірі «Аят» шекара заставасының аға технигі лауазымындағы Талғат Бердыгуловты атап өтуге болады. Талғат Кинжибекұлының аяулы жары Динара, ұлы Дархан және қызы Сабина «Аят» шекара заставасы орналасқан Қарабалық ауданы, Есенкөл селолық округінің Лесное ауылында бірге тұрып жатыр. Айта кету керек, әңгімеміздің арқауы болған сержант өзінің батыл да, қайсар әрекетімен көптеген Мемлекеттік шекараны бұзушылардың, Мемлекеттік шекара арқылы өтетін контрабандалардың, сондай-ақ, шекаралық режимнің бұзушылары мен Мемлекеттік шекара режимі бұзушыларының әрекеттерінің алдын алған болатын. Оның айтуы бойынша, шекарашылардың шеберлігі мен тәжірибесі бірден қонбайды, ол үшін әрбір шекарашы ауқымды тер төгіп, зор еңбек етіп, өзін-өзі теориялық және практикалық жағынан дамытып, әрбір жасаған ісі мен айтқан сөздері тек қана Қазақстан Республикасының Заңнамалары мен нормативтік құқықтық актілердің шегінде болуы керек.
Ойымызды аяқтай отырып, шекара заставасының ұжымының атынан тарандықтарды келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, шекарамыз берік болсын!