- Подробности
-
Категория: №18 (10338) от 4 мая 2018 года
-
Создано 04.05.2018 06:35
-
Просмотров: 3216
Өткен сенбі күні, яғни сәуірдің 28 жұлдызында Тобыл кентінде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда ауданның 13 ауылдық округінен және Жетіқара, Лисаков, Қостанай қалаларынан келген кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынды.
Соңғы уақыттарда Тобыл кентінің тұрғындарына отандық ауылшаруашылығы өнімдерін нарықтық бағадан арзан өнімдермен қамтамасыз ету шарасы жиі ұйымдастырылады. Бұл шарадан ұтар бір нәрсе, нарықтық бағаны ырықтандыруға мүмкіндік туады. Түске дейін жалғасқан жәрмеңкеге қойылған өнімдердің барлығы экологиялық жағынан таза. Мамыр айындағы айтулы мерекелер қарсаңында ұйымдастырылған көктемгі ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі тобылдықтардың көңілін көтерді. Бағасы арзан өнімнің сапасы жоғары. Тұрғындарды қызықтырып отырғаны да осы. Елбасының отандық, экологиялық азық-түліктерімізді ғана тұтынуға ұсыныс жасауы тобылдықтарға да үлкен серпін тудырды.
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі қызметкерлерінің берген мәліметіне сүйенсек, аталмыш кезекті жәрмеңкеде 6,6 тонна ауылшаруашылық өнімі саудаға қойылса, оның 4,1 тоннасы сатылды, яғни, 3419250 теңгенің өнімі өткізілді. Бұл жолғы жәрмеңкенің бір ерекшелігі тірідей үй жануарларының сатылуы болды. Бұзау, қаз, үйрек, тауық, үй қояны, шошқа төлі көптеп саудаға қойылды.