User Registration

or Отмена

Оқушылар арасында КТК өтті

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_20_20-2018-11.JPGӨткен аптада С.Ерғалиев мектебінің базасында аудандық мектеп оқушыларының КТК ойыны өтті. Қазақ тілінде өткен ойынды ұйымдастырушы аудандық «Жастар ресурстық орталығы».

 

Ойын «Жайдарлы Жас Ұлан» тақырыбында өткізілді. КТК ойынының негізгі мақсаты аудандағы белсенді жастарды қолдау, олардың шығармашылық қабілеттеріне демеу болу.

Аталмыш ойынға аудан мектептерінен үш команда қатысты. Атап айтсақ, Валерьян негізгі мектебінен «Жайдарлы жастар», Набережный о/м «Қазақ жастары», С.Ерғалиев о/м «Сапар кz» командалары өзара бақ сынасты. Олар «Жайдарлы Жас Ұлан» тақырыбы бойынша «сәлемдесу», «Ауылым –алтын бесігім» тақырыбында «үй жұмысы», «Қиял әлемінде» тақырыбында «5 жаңалық» сынды 3 тапсырма негізінде сайысқа түсті.

Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды «Қазақ жастары», екінші орынды «Жайдарлы жастар», үшінші орынды «Сапар кz» командалары иеленді.

Қазылар алқасы жалпы ойынның жаман өтпегенін, бірақ кемшілік тұстардың барын, балалардың ұяң, сөздері нық емес екендігін, әзілдерді әлі де пысықтау қажеттігін тілге тиек етті.

 


Канал на YouTube