Қазақ даласы қара басынан гөрі, қарашаның қамын ойлаған ерлерге кенде емес. Ұлыларын ұлықтай білген тарандықтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тағы бір іргелі істің ұйытқысы болды. Аудан орталығындағы №1 Таран орта мектебіне құрметті азамат, іскер басшы, ардақты аға, ел жанашыры Сапар Ерғалиев есімі берілді.
Сапар Ерғалиев Торғай өлкесінің тумасы. Еңбек жолын Таран ауданында бастап, осы ауданның дамуына, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының түзелуіне аянбай қызмет жасаған, ел ілтипатына бөленген абыройлы азамат, қайраткер тұлға. Сол кездегі өңір экономикасы мен әлеуметтік жағдайын дұрыс бағамдай білген, көпшіліктің риясыз алғысына бөленіп, бұқара халықтың сенімін арқалаған білікті басшы.
Сапар Ерғалиұлы алғашқы еңбек жолдарында Таран ауданының Қоржынкөл, Жамбаскөл , Сабынкөл, Степной колхоздарында зоотехник болды. 1943-45 жылдары Жалшы ұжымшарына басқарма, 1945-46 жылдары Таран аудандық атқару комитеті төрағасының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары, 1947-53 жылдары Қоржынкөл ауылындағы Сталин атындағы колхозда, Аманқарай кеңшарының бөлімшелерінде басқарушы қызметтерін абыроймен атқарды. Содан кейін 1954-58 жылдары Жалшы ауылындағы Чапаев колхозына басқарма төрағасы болды.
Сапар Ерғалиев 1959-87 жылдары Вачасов атындағы кеңшарын 28 жыл бойы үздіксіз басқарды. Осы жылдары әртүрлі деңгейдегі лайықты жас мамандарды тәрбиеледі.
1987 жылы Сапар Ерғалиұлын зор құрметпен зейнеткерлікке шығарып салды.
Еңбек елеусіз қалмайды. Сапар Ерғалиев қажырлы еңбегінің арқасында бірнеше марапаттарға ие болды. 1956 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық ауылшаруашылық көрмесіне қатысып, көрменің Алтын медалімен марапатталды. 3 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «В.И.ленин» ордендеріне, «1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін» «Қажырлы еңбек» сияқты бірнеше медалдарға ие болды. «Қазақстанның Ауылшаруашылығына Еңбек сіңірген қызметкер» атағын алды.
Сапар Ерғалиұлы Ерғалиев 1996 жылы дүние салып, Қоржынкөл ауылына жерленді.
Мектепке С.Ерғалиев есімін беру іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Алдыменен салтанатты рәсім мектеп ауласынан бастау алып, арнайы жиын өткізілді. Ашылуы рәсіміне С.Ерғалиевтің туған-туыстары, оның көзін көрген, қызметтес болған, тәрбиесін алған азаматтар көптеп жиналды.
Алғашқы болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары М.Ахметов аудан әкімінің арнайы құттықтауын жеткізіп, жылы лебізін білдірді. Бұдан кейін немере інісі әрі мектепке атамыздың есімінің берілуіне тер төккен С.Мырзағалиев, ауданның қадірлі ардагерлері Т.Нұрахметов, С.Малтабаров С.Ерғалиұлы туралы естелік әңгімелер айтты.
Мектеп маңдайшасын ашу құрметі М.Ахметов пен С.Мырзағалиевке берілді.
Кейін жиналған жұртшылық мектеп қабырғасынан ашылған мұражайды аралады. Мұнда С.Ерғалиевтің фотосуреттері мен жазба деректері сынды дүниелер қойылған.
Мұражайды тамашалаған көпшілік бұдан соң, мектеп оқушылары мен ұстаздары дайындаған шағын концертті тыңдады.
Салтанатты рәсім соңында С.Ерғалиевке арналып ас берілді, арнайы құран бағышталды.
Сапар Ерғалиевтің ұрпақтары:
- Біздің әулетіміз үшін бүгін ерекше оқиға. Себебі, ауданда атамыздың құрметіне үлкен іс-шара өтіп, мектепке оның есімі беріліп жатыр. Бұл өте құптарлық іс деп ойлаймын. Себебі, ол кісі өзінің өмірінің басым бөлігін осы жерде өткізді. Еңбек етті. Осы үшін барша тарандықтарға, іс басындағы азаматтарға алғысым шексіз, - десе, мектеп директоры Асылан Мадибаев:
-Биылғы оқу жылының аяғы ерекше! Оған себеп те бар. Елбасының арнайы «Рухани жаңғыруға» байланысты ойын ортаға салды. Маңыздысы рухани байлықты қалпына келтіріп, елдің, халықтың санасына жеткізу еді. Міне, біз сол мүддені жалғастырып отырмыз. Балаларымыз да, ұстаздарымыз да Сапар Ерғалиев есімін өздерімен бірге абыройлы алып жүретініне сенімім бар және біз сол абырой жолында жұмыс істейтін боламыз,- деп іс-шараны қорытындылады.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...