- Подробности
-
Категория: Все материалы сайта
-
Создано 13.08.2020 06:28
-
Автор: Super User
-
Просмотров: 1432
2020 жылғы маусым айында Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Әлеуметтік қолдау шараларын алуға арналған құжаттар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық форматта ұсынылады.
2020 жылдың шілдесінде бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын 7 маман алды және 10 маман көтерме жәрдемақы алды.
2020 жылдың тамызында әлеуметтік қолдау шараларына үміткер мамандардан құжаттарды қабылдау жалғасуда. Қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарланды: 15 маманға көтерме жәрдемақы төлеу және бір кредит беру.
Естеріңізге саламыз: Тұрғын үй сатып алуға/салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға пайдаланылмайды.
Сондай-ақ бұрын алынған кредиттер бойынша берешегі бар (өтелмеген қолданыстағы кредиттің болуы) көрсетілетін қызметті алушы (мамандар) оларды толық өтеген сәтке дейін әлеуметтік қолдау шараларын ұсынылмайды.