- Подробности
-
Категория: Последний номер
-
Создано 02.02.2023 07:22
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 246

Біз бүгін жергілікті деңгейдегі мәдени нысандар, соның ішінде ауылдағы демалыс орны туралы сөз қозғағанды жөн көріп отырмыз. Рухани-мәдени өмірімізге серпін берген бірқатар елді мекендерде мәдени ошақтарда ауыл адамдары мәре-сәре болып жатады. Бұған біз де шынымен қуанамыз.
«Театр - киім ілгіштен» басталады демекші, ауыл мәдениеті де клубтан басталады. Осы қағида бойынша Приозерный ауылында демалыс орталығы жұмыс жасайды. Кішкентай ауылда мереке ұйымдастыру оңай емес, өнер көрсетіп, жақсы көңіл-күй сыйлайтын өнерлі жандар жинау, демеушілермен жұмыс істеу, көрермендерді қызықтыру, қызықты бағдарлама дайындау, әр істің өз қиындықтары бар, бірақ қиындықтарға қарамастан, іс-шаралар достық атмосферада көңілді өтеді. Мұның бәрі Приозерное демалыс орнының мәдени ұйымдастырушы Нұрмұхамбетова Марина Викторовнаның күш-жігерінің арқасында. Ол өз жұмысында белсенді, мерекелік іс шараға отбасы болып кіріседі. Жолдасы ән айтады және ұлы гитарада ойнайды. Ал қызы музыкалық білім алып, Халықаралық байқаулардың жүлдегері. Олар ауылдастарын өз өнерімен қуантуға уақыт тауып, мереке сайын келіп өнер көрсетіп тұрады. Бұл отбасының шуақты көңіл-күйі позитивті заряд алу үшін демалыс орталығына келген ауыл тұрғындарына да беріледі. Ауыл тұрғындары да ауылдың мәдени өміріне белсенді қатысады. Мәдени іс шараға әрдайым көмек қолын созады. Осындай жандардың бірі- Светлана Анатольевна Шулепованы ерекше айтып өтуге болады. Ол қаржылық жағынан көмектескеннің сыртында ән айтып, ауыл атынан аудандық өнер сайыстарға қатысады. Мәдениет саласының дамуына, жан-жақты қызмет жасауына қолдау көрсетіп келе жатқан ауылдастарына, өнер сүйер ағайынға Марина Викторовна зор алғысын білдіреді.
Ауыл, ия... Еліміздің даңқын асырып жүрген таланттардың көбі сол ауылдан шыққан. Ауылдың өнері өркен жайса, мәдениетіміз де қанатын кең жаяды. Ендеше, өнердің бір бұлағы ауыл мәдениетінің ауқымы тарылмасын дейік.