- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 11.08.2022 06:04
-
Автор: Өз тілшімізден
-
Просмотров: 2444
Апта басында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов, аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары, аудан әкімдігі мен мәслихаттың жауапты қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ауылдық округ, кент, село әкімдері қатысты.
Сессия отырысының күн тәртібіне енген мәселелердің негізгісі аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі болды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімі Қайсар Батырханұлы баяндамасында 2022 жылдың 6 айында аудан экономикасының әр саласында жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы негізгі жоспарларға тоқталды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп берген аудан басшысы білім, мәдениет, денсаулық салаларындағы жұмыстарға, жол, ауыз су тарту, ауылдарды газдандыру мәселелерін жан-жақты әңгімеледі.
Аудан әкімінің баяндамасынан соң депутаттар ауыз су құбырын тарту жұмыстарындағы кейбір кемшін тұстарды айтып, аудан басшысының нақты жауабын алды.
Сессия отырысында көтерілген өзге де мәселелер жайында хабарламашылар тыңдалып, аудандық мәслихат депуттары тарапынан оң шешім тапты.