- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 28.10.2022 07:17
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 2928
Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде Балалар жылына және Республика күніне арналған «Елім менің» атты патриоттық әндер фестивалі өтті.
Фестивалдің мақсаты балалардың, жастардың патриоттық, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыруға, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу және мәдениетті дамыту болып табылды.
Фестивалға мектеп оқушыларымен бірге балабақша тәрбиеленушілері де қатысты. Кох Екатерина, Елік Шерхан, Абдибекова Асылым, Ахмет Тоғжан, Серік Саламат, Мәлік Саян және Кодзоева Залина Отанын сүю, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін әнмен жеткізді. Бүгінгі жас ұрпақ еліміздің ертеңін сақтар мықты ұрпақ, мықты азаматтар болатынына сеніміміз мол. Ән кеші соңында қатысушыларды Тобыл әкімінің маманы Назарбаев Е.К. балалар жылымен және Республика күнімен құттықтап, балаларға тәтті сыйлықтар табыстады.