Дауыс беру - әр адамның азаматтық борышы

b_600_290_16777215_00_images_images_2022_47_472022-20.jpg

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Қазақстандықтар мемлекет басшысын алты үміткердің ішінен таңдады.
Ел тарихында алғаш рет екі әйел үміткер болды. Президент- мемлекеттің тұрақтылығы, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан өсіп- өнуіне, өркендеуіне ең жауапты адам. Сол үшін де дұрыс таңдау жасай білуіміз керек.

Тобыл кентіндегі сайлау учаскелерінде дауыс беру учаскелері ашылмай жатып-ақ кіреберісте адамдардан шағын кезек түзілді. Көптеген азаматтарда сайлау учаскесі ашыла салысымен дауыс беруге баратын дәстүр қалыптасқан. Мұндай белсенді адамдарға естелік сыйлықтар беріледі. Сондықтан, биылғы сайлауда да осы үрдіс сақталып, бірінші рет 18 жасқа толып, дауыс берген азаматтарға, туған күн иелеріне, денсаулығына байланысты үйде дауыс берушілерге де шағын сыйлықтар берілді. Тағы бір дәстүр бойынша кейбір тобылдықтар дауыс беру орындарына бүкіл отбасымен келді. Тұрғындар балаларына үлгі болып, конституциялық құқықтарын жүзеге асыру туралы түсінік қалыптастыру мақсатында бірлесіп дауыс беруге келетіндерін айтты. Сайлаушылар сайлау учаскелеріне келіп, суретке түсіп, бұл күннен естелік сурет жасауға деген талпыныстарын әсерлі әрі маңызды деп атап өтті. Ал, «Думан» Мәдениет үйі көркемөнерпаздары алаңда шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырып, сайлаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Дауыс беру – әр адамның азаматтық борышы. Сайлау – дамудың тұрақтылығы. Болашағымызды айқындайтын сәтте елім деген әрбір азамат саяси науқаннан тыс қалмай, тарихи оқиғада белсенділіктерін көрсетті.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане