- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 29.12.2022 07:17
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 2316
Цифрлық технология, яғни робототехника -ғылым мен техниканың роботтар мен робототехникалық жүйелерді жасауға байланысты саласының бірі болып табылады.
Бұл ғылым, механика мен кибернетика ғылымдарының негізінде жаңа сала болып анықталады. Робототехника қазіргі кезде мектептегі барлық пәндерді біріктіретін (жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша– математика, физика, информатика, биология, химия пәндері– тікелей, қалған пәндер – жанама) бағыт болып табылады, инженерлік –техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру және танымдық қабілеттілігін арттыру қызметін атқарады.
Балалар жылы аясында Тобыл кенті №1 Тобыл жалпы білім беретін мектебінде Балалар өнер мектебінің базасында цифрлық технология, яғни робототехника кабинеті ашылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, «Балалар- мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі»- деп,жастарға үміт артатынын, өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасаудың қажеттілігін атады. Кабинетті цифрлық жабдықтармен жабдықтауға «Варваринское» АҚ демеушілік жасады. Кабинетте компьютер, интерактивтік тақта, мультимедиялық және робототехникалық құралдар мен конструкторлар қойылған. Кабинетті ашу салтанатына Б.Майлин ауданы әкімінің орынбасары Альмағамбетов Марат Берікұлы мен «Варваринское» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Труханов Антон Владимирович,
Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің басшысы Алимбаева Айгүл Темірханқызы, Тобыл кенті әкімі Есмағамбетов Аманжол Бауыржанұлы қатысты. «Варваринское» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Труханов Антон Владимирович пен Балалар өнер мектебінің облыстық, республикалық «KazRoboSport- 2022» жарыстарының жеңімпазы Рекрут Иван робототехника кабинетінің тұсау кесу рәсімін жасады. Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің басшысы Алимбаева Айгүл Темірханқызы Цифрлық технологиялар балалардың компьютерлік бағдарламаларды меңгеруіне, әсіресе ғылыми-зерттеу және инженерлік-технологиялық жұмыстарға мектеп оқушыларының назарын, ынтасын аударуға таптырмайтын мүмкіндік екенін айта келе, «Варваринское» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Труханов Антон Владимировичке Алғыс хат тапсырды. Ал, аудандық Балалар өнер мектебінің басшысы Бултаева С.Ш. балалардың қолымен жасалған робот статуетка сувенир-сыйлықтарды қонақтарға табыстады. Цифрлық технология мұғалімі Приз А.А. балаларды құрал-жабдықтармен таныстырып, экскурсия жасады.
Цифрлық технологиялар қазіргі өмірде берік орнықты. Мектептен цифрлық технологияларды игеру бүгінгі күннің қажеттілігі болып табылады. Робототехника сабақтары күрделі техникалық пәндердің көптеген дағдылары мен білімдерін қызықты ойын түрінде үйренуге мүмкіндік береді. Оқушы тек логикалық ойлауды ғана емес, сонымен қатар математикалық және алгоритмдік қабілеттерді де дамытады. электрондық жүйелерді түсіну, өз ойын дұрыс және нақты жеткізе білу, мәселені әртүрлі жолдармен шеше білу, қиял, логика, дизайн қабілеттері, командада жұмыс істей білу, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық сияқты маңызды қасиеттер қалыптасады.
Цифрлық технология - болашаққа батыл қадам. Ұстаздар алдындағы ортақ міндет – заман ағымына ілесе алатын саналы шәкірт тәрбиелеу болып табылады. Робототехника мектептерде оқушыларға 21 ғасыр технологиясын көрсетеді, оқушылардың коммуникациялық белсенділігін көтереді, оқуға деген ынтасын арттырады, шығармашылық қабілеттері дамиды және ой-өрісін кеңейтеді. Сондықтанда робототехниканы оқытудың маңызы зор.