- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 08.02.2023 12:34
-
Автор: Айбатыр НИЯЗБЕК
-
Просмотров: 1492
Ағымдағы жылдың бірінші ақпанынан аудан әкімінің биылғы жылдың халықпен есептік кездесуі бастау алды. Дәстүрлі жүздесу Асенкритов ауылдық оркругінің тұрғындарымен кездесуден басталды.
Алдымен аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық жағдайына тоқталып, алдағы жоспарларға жан-жақты тоқталып өтті. Аудан басшысының баяндамасына сүйенсек өткен жылы атқарылған жұмыстар аз емес. Білім және денсаулық сақтау саласының ғимараттары, мәдениет ошақтары ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізілген. Красноселскі ауылдарына сапалы ауыз су беру жұмыстары басталды. Аталмыш жұмыс биылғы жылы толығымен аяқталмақ. Май, Юбилейный ауылдарында ауыз суға байланысты іс-шаралар басталды. Ауылшаруашылығына қажетті жерді дұрыс пайдалану жұмыстары да жергілікті биліктің араласуымен оң жолға қойылып келеді.
Бұл өткен жылы атқарылған игі істердің бірі қыры ғана. Осы іспеттес көптеген шаруалар халық игілігіне берілді. Алдағы жылы жоспарлы жұмыстар жалғасын табады. Бірерін атап өтсек: ауылдарды ауыз сумен қамту жалғаса бермек, оның ішінде Асенкритов ауылына ауыз су беру жұмыстары бастау алады. Сондай-ақ ауылдарға газ тарту мәселесі де ағымдағы жылы басталады. Спорт саласын дамытуға байланысты шағын аула спорт алаңдары салынбақ. Бірнеше ауылдағы мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу де жоспарда бар екен. Білім ошақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге арнайы қаржы бөлініп отыр. Жолдарды жөндеу, олардың сапасын жақсарту бойынша да көптеген жұмыстар атқарылмақ.
Кездесу барысында жергілікті халық өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салып, аудан басшысына сұрақтарын қойды. Өз кезегінде Қайсар Батырханұлы айтылған ұсыныстар мен сұрақтарға байланысты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.