- Подробности
-
Категория: Главное
-
Создано 27.03.2023 07:48
-
Автор: Майра Дүзбайқызы
-
Просмотров: 1160
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті.
№714 сайлау учаскесінде таңғы сағат 07:00-де Мемлекеттік әнұран ойнап, мұндағы комиссия төрағасы Айтуарова Жанат Нұрланқызы сөз сөйлеп ашты. Тобыл тұрғыны Бузаков Владимир Николаевич жұбайы Бузакова Людмила Владимировнамен бірге таңмен таласа сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді.
- Бүгін – мен үшін тарихи күн. Сайлауда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Сол үшін ерте келдім. Бірінші болып дауыс беру үшін ерте тұрып, сағат 6:30-ден бері учаскенің ашылуын күттім. Ел болашағын айқындайтын үлкен саяси науқанға өз үлесімді қосқым келді, - деді Владимир Николаевич.
Бірінші болып дауыс берген Бузаков Владимир Николаевичке №714 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Айтуарова Жанат арнайы сыйлық табыстап, сайлаушының мерейін өсірді.
Тобыл кентіндегі сайлау учаскелеріне сайлау науқанына байқаушы ретінде Халыкаралық ұйымдардың байқаушылары қатысты. Олар 1 күн ерте келіп, сайлауға дайындық жұмыстарын бақылады. Сайлау өтетін 19 наурыз күні сайлаушылардың белсенділігі ерекше байқалып, жауапкершілікпен қарағаны көңіл қуантады. «Сайлаушылар үшін, олардың еркін қалауын білдіруі үшін барлық жағдай жасалған. Учаскелік сайлау комиссиялары кәсіби тұрғыда жұмыс істеді. Байқаушылар тобы сайлау заңнамасының бұзылуына қатысты бірде-бір дерек кездеспеді. Сайлау жоғары кәсіби деңгейде өтіп жатыр», деп Халықаралық байқаушылар өз көзқарастарын білдірді.