«DIAMONDS» 10 жыл!

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_24_242023-7.jpg

Би – өнердің көнеден келе жатқан бай бір түрі, қызықты, сан қырлы, эмоциялық әсерге толы жанр. Би - ол өмірдің ерекшелігін, санқырлылығын ашып беруге жәрдемдеседі.
Е.Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде би өнерін дәріптеп жүрген сұлулық пен бекзаттығымен ерекшеленетін, Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпазы «DIAMONDS» би ансамблінің 10 жыл мерейтойына арналған есептік концерті өтті. Мерекелік концертте аудан әкімінің орынбасары Марат Әлмағамбетов жиналғандардың барлығына жылы лебізін білдіріп, би ансамблінің мерейтойымен шәкіттері мен ұстазын, ата-аналарын шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ, мәдениет саласын дамытуға, жас ұрпақты би өреніне тәрбиелеудегі еңбегі үшін «DIAMONDS» би ансамблінің жетекшісі Евгения Орловаға аудан әкімінің атынан Алғыс хат пен 100 мың теңге сертификат табыстады. Би ансамбліне тамаша кешті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтып, толағай табыс тіледі. Сондай-ақ, ұжым түлектері мен ең белсенді ата аналар аудандық Мәдениет үйінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Көздің жауын алатын сәнді ұлттық нақыштағы костюмдер, әдемі би қимылы, әр элементке баса назар аударып, шеберлікпен орындау биді түрлендіріп, көрермендерін баурап алды. Бір-бірінен өткен әр би нөмірі кеш қонақтарының таңдайын қақтырып, ерекше әсер етті. Концерт барысында бишілерге зор қошемет көрсетіп отырды. Концерттің соңында көрермендер, ата аналар, «Думан» Мәдениет үйі ұжымы гүл шоқтарымен бірге сыйлықтар тапсырды. Көрермендер өнеріне тәнті ансамбльдің концертінен жақсы көңіл-күймен тарасты. Лық тола залды жинаған ансамбльдің есептік концерті жақсы атмосферада, жоғары деңгейде өтті. Концертке жиналған қауым бишілердің шыңдалған шеберлігінің куәсі болды. Әдемі бимен өрнектелген кеш көпшіліктің көңілінен шықты. «DIAMONDS» би ансамблі ұжымына алдағы уақытта шығармашылық табыс, жаңа жетістіктерге жетіп, биік щыңдардан көрінуіне тілектеспіз!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане