Аудан әкімі бірнеше сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_26_262023-1.jpg

Өткен аптада аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов дәрігерлер, мемлекеттік және полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай арнайы жиын өткізді. Мерекелік жиын аудан әкімдігінің үлкен залында өтті.
Алдыменен аудан басшысы сала мамандарын айтулы мерекелерімен құттықтады.
- Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - төгілген маңдай тердің, жұмсалған күш-қайраттың, төзім мен шыдамның өтеуі болар мереке. Бұл мереке күні адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін, денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің, медбикелер мен дәрігерлердің ерен еңбегі бағаланатын күн.
Ауданымыздың көркейюі мен дамуы, әрбір тұрғынның мұң-мұқтажының уақытылы шешімін табуы мемлекеттік қызметшілердің еңбегі мен білім-біліктілігіне байланысты. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жас мемлекетті қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметкерлер ерекше еңбек сіңірді және оны уақыт талабына сай жалғастырып келеді. Елге қызмет ету қашан да мерейлі мәртебе екенін ойласақ, өңірімізді өркендету жолындағы еселі еңбектеріңізге шынайы ризашылығымды жеткіземін. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер күнімен қатар келген полиция саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Азаматтардың Конституциялық құқығын қорғауға елеулі үлес қосып, қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің бейбіт өмірі мен тыныштығын орнықтыруда уақытпен санаспай еңбек етіп келесіздер. Әрқашан еліміз тыныш, халқымыз аман, полиция мен мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі биік болсын,- деді аудан әкімі Қайсар Батырханұлы.
Бұдан кейін аудан әкімі дәрігер С.Бердіханов пен мемлекеттік қызметкер А.Қабдуллинаға облыс әкімінің грамотасын табыс етті. Сондай-ақ бірнеше дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер, полиция қызметкерлері аудан әкімінің грамотасымен марапатталды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане