Мамай Ізтілеу айтыстан жеңімпаз боп оралды

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_26_262023-7.jpg

Биыл тарихта аты қалған айтыс ақыны Ақсұлу Орысбайқызының туғанына 150 жыл.
Осы мерейтойға орай, туған жері – Қостанай облысының Жітіқара ауданында ақындар аламаны өтті. «Айтыстың Ақсұлуы» атты облыстық айтыста өңір ақындары әйгілі тұлғаның асыл мұрасын, талайсыз тағдырын өлеңге қосты. Ақсұлу Орысбайқызының кіндік қаны тамған кенді өлке, қазыналы өңір Жітіқарада облыс айтыскерлерінің басы тоғысты. Араларында аузымен құс тістеген тәжірибелі шайыр да, өлең өлкесіне енді қадам басқан тыңтұяқ дарын да бар. Ақсұлу Орысбайқызының 150 жылдығына арналған «Айтыстың Ақсұлуы...» атты облыстық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Жыр додасына үкілі домбыраларын алып, алқалы топтың алдында өнер бәйгесінде көсіле шабуға облыс көлемінен 12 ақын қатысты. Қатысушылардың ішінде Республикаға танымал ақын, Бейімбет Майлин ауданының ақыны, біздің жерлесіміз Мамай Тұрысбекұлы Ізтілеу 1 орынмен 300 теңге сертификатына ие болды.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане