Тобыл кентінде ерекше мереке Тобыл күні және теміржолшылар кәсіби мерекесі өтті. Жылдағы дәстүр бойынша тамыздың алғашқы жексенбісі аталып өтетін Көлік қызметкерлері күні еліміздегі жүз мыңдаған теміржолшылардың да төл мерекесі болып табылады.
Бұл – уақытпен санаспай еңбек етіп, тәуліктің кез келген мезгілінде жұмыс орнынан табылатын теміржолшы деген жанкешті халықтың ерен еңбегі еленіп, лайықты бағасын алатын күн. Олар – пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жыл он екі ай түзде жүретін жолшылар, машинистер, пойыз құрастырушылар, вагон қараушылар, жолсеріктер, тағысын тағы теміржолдың кәсіби мамандары.
Тобыл халқы үшін көптен күткен мереке мекеме еңбеккерлерімен ұйымдастырылған карнавал шеруінен басталды. Орталық алаңда қатысушыларды жұртшылық зор қошеметпен қарсы алды. Әр мекеме өздері дайындаған көрініс-қойылымдарын көпшілік назарына ұсынды. Барлық қатысқан ұжымдарға сыйлық табыстады, ал ең үздік өнер көрсеткен ұжымдарға 1-3 орын берілді. Мерекенің салтанатты бөлімінде Б.Майлин ауданы әкімінің орынбасары Жұмашев Қалыбек Мирашұлы, Тобыл кенті әкімі Есмағанбетов Аманжол Бауыржанұлы, Тобыл ардагерлер Советінің орынбасары Артемьева Зоя Антреевна, сонымен қатар теміржолшылар басшылары Яковенко Сергей Николаевич, Акылбаев Марат Тұякұлы тобылдықтарды Тобыл күнімен және теміржолшылар күні мерекесімен құттықтап, жылдағы дәстүрге сай биыл да Тобыл өңірінің дамуына үлес қосып жүрген, белсенділігімен танылып, адал еңбегімен абырой арттырған жандарды, теміржол көлігінің дамуына сүбелі үлес қосқан, қызметтік міндеттерін атқару барысында айрықша батылдық, қырағылық танытқан бір топ еңбеккерлеріді түрлі төсбелгілермен, мадақтамалармен және алғыс хаттармен марапаттады. Тобыл мерекесінде «Думан» Мәдениет үйі өнерпаздарымен бірге аудандық Е.Өмірзақов атындағы Мәдениет үйі өнерпаздары өнер көрсетіп, тобыл халқын ерекше көңіл күйге бөледі. Жиналған қауым дискотекада би билеп, мереке соңы от шашумен аяқталды.
Құрметті Тобыл халқы, теміржолшылар! Сіздер бүгінгі күні теміржол саласында еңбек етіп, ел дамуы жолында, ел игілігі үшін елеулі жұмыс атқарып келесіздер. Қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі біліктіліктеріңіз бен көлік және байланыс саласындағы сүбелі үлестеріңізді біз әрдайым жоғары бағаланады. Осы мерекелі күнде Сіздерге мықты денсаулық, толайым табыс, отбасылық амандық және несібелі жетістіктер тілейміз! Мереке құтты болсын, құрметті тобылдықтар, теміржолшылар!
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...