Ата Заң - мызғымас бірлігіміздің айқын нышаны

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_35_352023-6.jpg

Қазақстан Конституциясы күні мерекесі әрбір қазақстандық үшін өте маңызды және мәртебелі күн. Біздің Конституция - қазақ халқының тарихи жеңісін, армандары мен мүдделерін заңды түрде бекіткен, бүкіл әлемге Қазақстан деп аталатын еркін елдің өмір сүруін ашқан беделді құжат.
Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады.
Мерейлі мерекеге орай Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде концерт өтті. Тобыл кентінің әкімі Есмағамбетов А.Б. еліміздің мемлекетік мерекесі Конституция күнімен тобылдықтарды құттықтады. «Думан» Мәдениет үйі өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, көрермен көңілін көтеріп тастады. Отан, ел, Жер туралы ән шырқап, жұртшылықты қуанышқа бөледі. Биыл Конститутцияға 28 жыл. Осы уақытта еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігі баянды болсын!


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане