Аудан әкімі депутаттар алдында есеп берді

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_35_89.jpg

Аудандық әкімдіктің залында сегізінші сайланған аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.
Күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды. Онда аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асырудағы ағымдағы жыл бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдалды.
Аудан әкімі Қайсар Мыржақыповтың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында қойылған міндеттерді жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту, тұрғын үйлер мәселесін шешу, әділетті әлеуметтік саясат, өңірлерді дамыту, «Рухани жаңғыру» құндылықтарын қамтитын он бағыттан тұратын жоспарды жүзеге асыру бағытында ауданда бірқатар жұмыстар атқарылған.
Атап айтсақ, ауылшаруашылығы саласының жалпы өнімі 27 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығында есепті мерзім ішінде 8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103 пайызды құраған. Ет өнімі 1,9, сүт 5,9 пайызға артқан. «Ауыл Аманаты» бағдарлама аясында кәсіркерлерге несие беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында аудандық статистикалық есептерге сәйкес 1145 шағын субъектісі тіркелген. Мұндағы тауар айналымының индексі 103,7 пайызды құрайды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде әр деңгейдегі бюджеттерден бөлінген қаражаттар есебінен бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Бұдан кейін аудан әкімі білім беру, мамандармен қамту, мәдениет, спорт, әлеумттік қорғау, жұмыспен қамту, жастар саясаты, мемлекеттік қызмет көрсету, денсаулық сақтау, құқық қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға және алда тұрған міндеттерге тоқталды.
Сондай-ақ Қайсар Батырханұлы ауданның даму сәттеріне тоқтала келе, экономикадағы тұрақты жағдайды ұстап тұруға мүмкіндік беретін қабылданып жатқан шаралар, ауданда жаңа іске асырылып жатқан және жоспарланып отырған жобалар туралы айтып берді.
Аудан мәслихатының депутаттары аудан әкімінің атқарылған жұмыстарына оң бағасын беріп, бірауыз қолдады.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане