Аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен кезекті кездесуі

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_37_372023-6.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес аудан әкімдерінің халықпен өткізетін кездесулерінде тоқсан сайын тұрғындармен кездесіп, халықтың мұң-мұқтаждарын тыңдайды.
Осыған орай бүгін аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов елді мекендерді аралап, халықпен кездесу өткізді. Халықпен кездесуге аудан әкімшілігі мен мекеме басшылары қатысты.
Бейімбет Майлин аудан әкімі Қ.Б. Мыржақыпов 8 қыркүйекте Белинский ауылдық округінде есеп беру кездесуі III тоқсан кестесіне сәйкес Қайындыкөл ауылы және Белинский ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті. Есепті кезең кездесу диалог режимінде өтті. Қайсар Батырханұлы осы округ тұрғындарымен олардың жергілікті жерінің әлеуеті және жақын болашақта шаруа қожалығын дамыту туралы әңгімелесті. Бұдан әрі әкім мал шаруашылығын дамытуға азаматтардың белсенді бастамасы кажеттігін, бұл өңірде осы бағытты дамыту үшін барлық жағдайлар бар және бұл істе жергілікті өзін-өзі басқару органы азаматтарға қолдау көрсететінін айтты. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар рұқсат етілмеген полигонға, қысқы кезеңдегі жолдарды тазартуға байланысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Сондай-ақ, аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов 12 қыркүйек күні Тобыл кенті тұрғындарымен кездесу өтті. Тобыл әкімі Б.Есмағанбетов Тобыл кентінің 2023 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді.
Аудан әкімі Қайсар Батырханұлы Тобыл кентінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды тілге тиек етті.
Сөз кезегі ұсыныс-пікірлерге мәселелерді көтеріп, елді мекенді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді.

 

b_600_290_16777215_00_images_images_2023_37_372023-5.jpg

 

Тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, сұрақтарға жауап берді. Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді Қайсар Батырханұлы мұқият тыңдап, халықтың айтқан әрбір ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
Кездесуде тұрғындар тарапынан жол, бағдаршам орнату, түнгі жарықтандыру мен балалар ойын алаңдарын салу туралы мәселелері көтерілді. Аудан әкімі Қайсар Мыржақыпов аталған ұсыныстар бойынша тиісті шешімдер қабылданып, жұмыстар реттілігіне сәйкес атқарылатындығын айтты. Тұрғындардың жеке сауалдары бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма беріліп, заң аясында шешілетінін жеткізілді.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане