- Подробности
-
Категория: №3 (10323) от 18 января 2018 года
-
Создано 18.01.2018 06:30
-
Просмотров: 3839
Өткен жылдың 29-қаңтарынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады.
Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады. Электрондық үкімет порталы барлық мәліметтерді түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен жинап, ал өзге деректерді SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. «Бұрын бала туғаннан кейін ата-аналар баланы тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс еді. Бүгінгі күні проактивті қағидаттың іске қосылуына байланысты енді фронт-офистерге барудың, тіпті, электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқ. Барлық қажетті қызметтерді ол SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бірақ SMS-хабарлама алу үшін азаматтар кез келген ХҚКО-қа барып, өздерінің телефон нөмірлерін порталдағы жеке кабинеттерінде бекітуі тиіс»,- деп мәлімдейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай. Баланы тіркеу, жәрдемақыны рәсімдеу және балабақшаға кезекке қою қызметтерін ХҚКО-нан да алуға болады. «Бала туу» композиттік қызметі проактивті тәсілмен ұсынылады. Яғни телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды да рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың Куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызмет көрсетуді проактивті тәсілге көшіру үрдісін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсыруымен қолға алған болатын.
Айта кеткен жөн, осы уақытта Қазақстан бойынша бала туған 192 анаға мемлекеттік қызметті алу ұсынысымен SMS-хабарламасы жіберілді.
Мемлекеттік қызметтерді проактивті принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесі Айымға Туу туралы куәлігін мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс етіпті.
Жергілікті тиісті мекеменің мамандарының мәліметінше Таран ауданы бойынша әзірге бұл тәсілмен куәлік берілмеген екен.