- Подробности
-
Категория: №30 (10350) от 26 июля 2018 года
-
Создано 25.07.2018 14:22
-
Автор: Жанар Қасымова
-
Просмотров: 5531
Осыдан екі апта бұрын аудандық «Әйет» мешітінде жазғы лагерь маусымы ашылған болатын.С.Ерғалиев атындағы орта мектептің онға жуық оқушысы мешіттің найб имамы Бауыржан Ибраевтан дәріс алуда.
Мешітте ұйымдастырылған жазғы лагерьге баратын балалар саны қалың деп айтуға болмас. Десек те, жоспар бойынша жұмысы екі-үш аптаға созылуы тиіс жазғы лагерьге, негізінен, 3-8-сыныптар арасындағы балалар барады екен. Олар түске дейін діни сауаттылықтарын ашады, яғни жазбаша да, ауызша да араб әліпбиін үйренеді. Алла жазса, Құран Кәрімнің арабша нұсқасын да мүдірместен оқитын болады. Оған қоса, қатысушылар сауат ашу курсында әрбір мұсылман білуі тиіс жүз сұраққа жауап іздейді. Баланың аты бала емес пе? Найб имам сабақ арасында үзіліс береді, балалар түстен кейін бір мезгіл ойнап, бос уақытын спорттық ойындарға арнайды. Ал, түскі астарын мешіттің қабырғасында ішіп, шамалы жүрек жалғап алады. Жақын арада барлығы да Рудный қаласына барып, демалыс орындарында серуендемекші. Құрметті тарандықтар, иманды ұрпақ тәрбиелеу мақсатымен ашылған жазғы лагерь жұмысы әлі де жалғасын табады.