- Подробности
-
Категория: №30 (10350) от 26 июля 2018 года
-
Создано 25.07.2018 14:23
-
Автор: Бауыржан Ибраев, аудандық мешіттің найб имамы
-
Просмотров: 5636
Өткен бейсенбі күні «Әйет» мешітінің жамағаты Тобыл бекетіндегі «Ажар» мешітінің жамағатымен жолықты.
«Мұсылман - мұсылманның бауыры» деген сөз баршамызға беймәлім емес, сол себепті қос жамағат бір дән, бір жан болып бауырмашылығын арттырып, дастарқандас болды. Жолығудың бастапқы мақсаты жамағаттың діни сауатын сұрықтап, дәстүрлі емес түрлі діни ағымдардың алдын алу еді. Сондай-ақ, жиынымыздың құрметті қонағы ретінде сонау Лисавков қаласының бас имамы Зейнелғабиденұлы Сабыржан ағамыз келіп, жамағатқа жүйелі уағыз айтып, көкейлерінде жүрген діни сұрақтарға жауап берді. «Ислам дінінде шеттен шығып бөлінудің, өзгешеленудің баяны не? Иә, баршамыз білетіндей Ислам сөзі тілдік тұрғыдан бейбітшілік, бүтіндік мағынасын білдіреді. Халқымыз «көптен безген көгермес» дегендей, Ислам діні де бөлінуді құп көрмейді. Бірақ та, қазіргі дін ұстанушылар бір-бірімен жаға жыртысып, дін тұрғысында неліктен бөлінуде?» деген сұрақтарға Сабыржан ағамыз діни ілімнің төмен екендігін тілге тиек етті. Ислам дінінің кеңшілік дін екендігін ұмытып, тек бір бағытпен шектелу жайын айтты. Сондай-ақ, Алла Тағала Құран Кәрімдегі «Алланың дініне жабысыңыздар және бөлінбеңіздер» деген аятты жамағатқа егжей-тегжейлі түсіндірді. Осыған ұқсас біраз сұрақтардың түйіні шешіліп, отырысымыздың соңында естелікке суретке түсіп, төс қағысып, амандықпен тарастық.