- Подробности
-
Категория: №36 (10356) от 6 сентября 2018 года
-
Создано 06.09.2018 06:44
-
Автор: Жанар Досмухамбетова
-
Просмотров: 4816
1-2 қыркүйек күндері өңіріміздің еңбеккерлері жаз бойғы еңбектерінің нәтижесін астаналықтарға да паш етті. Астана қаласының орталық алаңында Қостанай облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
«Қазақстан» спорт комплексінің аумағында өткен жәрмеңке жыл сайынғы дәстүрмен таң ертесімен басталып кетті. Жәрмеңкеге облысымыздың өзге аудандарынан қалыспай, ауданымыз 2 тонна ірі қара мал еті, 500 килограмм шошқа еті, 500 килорамм құс еті, 1 тонна сүт өнімдері, 20 тонна көкөністер өнімдерін ұсынды. Аталмыш жәрмеңкеге қатысқан «Викторовское» ЖШС, «Проданец С.В.» ШҚ - 2000 кг сиыр еті, «Ленинское» МК ЖШС - 500 кг шошқа еті, «Ержанова» ЖК - 500 кг құс еті, 1000 кг сүт өнімдері, «Тигай» ШҚ - 20 тонна көкөністері, жалпы барлық өнімдер Астана қаласының нарығында қалыптасқан орташа бағалардан төмен бағалар бойынша сатылғанын атап өту керек. Күннің суығына қарамастан түске таман жәрмеңкеге келушілердің қатары көбейді. Елордалықтар ауылдық өнім болғандықтан ба, барлық азық-түлік тауарларды молынан сатып алды. Ең бастысы, тарандық өнім сұранысқа ие болды.
Ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі барысында ауданымыздың өнерпаздары әсем әндерінен шашу шашып, астаналықтарды тамаша өнерлерімен сусындатты. Жыл сайынғы іс-шарада қостанайлық көркемөнер қатысушылары екі күн бойы жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады, олардың арасында тарандық Айман Зыбалева, Бибігүл Сандығұлова, Александр Кузьминых та болды. Концерттік бағдарламаның жүргізушісі Бақыткүл Жандыбаева игі тілектерін де, жерлестеріміздің ыстық сәлемін де жолдады. Ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға келген астаналық тұрғындар осылайша өнер иелерінің шығармашылығымен де танысып қайтты. «Бүгінгі жәрмеңке маған ұнап тұр. Бағалары да қымбат емес. Бір қап картоп, 5 кг ет алдым. Концертті де көріп үлгердім. Шыны керек, орындаушыларыңыздың өнеріне тәнті болдым», - дейді Елорда тұрғыны Айдос Советхан.