Халқымыз қашан да дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге орап, көтерген екен. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес. Әсіресе, халықаралық Қарттар күнінде ұйымдастырылатын мерекелік бағдарламалар орны – төр, қатары – алдыңғы саптағы ауыл қарттарын қуанышқа бөлейді.
«Қазан айының бірінші жұлдызына тап келген мейрам ауылымызда жыл сайын атап өтіледі. Өз басым, қазыналы қарттарымыздың бір сәтке болса да көңілін көтеріп, өмірлеріне қуаныш сыйлауда үлкен тәрбиелік мән бар деп есептеймін», - дейді Белинский ауылдық округінің әкімі Саят Ахмеджанов. Егде жастағы кісілерге музыкалық құттықтауларын жеткізген жергілікті және Жаслан Құрманғалиевтің жетекшілігімен тобылдық өнерпаздардың арқасында аталмыш іс-шара той-думанға ұласты десек, артық айтқанымыз болмас. Жиналғандар ән айтып, би билеп, жақсы көңіл-күймен тарқасты. Мүмкіндікті пайдалана отырып, ауылдық әкімдіктің атынан демеушілік жасаған жанашыр кәсіпкерлер Рамазан Скендировқа, Николай Шахалайға, Мырзахан Тулендинге, Мұрад Бекеновқа алғысымызды білдіреміз.
Бұл күні Набережный ауылдық округінің қариялары да мәз-мейрам болысты. Ауылдың мәдениет ошағының меңгерушісі Жансұлу Костылеваның айтуынша, кешті мәдениет саласының ардагері Татьяна Тямчик жүргізді. Тамаша мерекелік концертті ұйымдастыруға ауылдық тұрғындар да, аудан орталығынан арнайы барған өнер иелері де атсалысты. Ән мен биге толы болған іс-шара барысында жылы тілектер де, құттықтаулар да айтылды. Ауылдық округ әкімі Талғат Түйтебаев та зейнет жасындағы жерлестерін құттықтап, оларға ілтипатын көрсетті. Ұйымдастырушылар айтулы ұмытылмас кешті ұйымдастыруға ұйытқы болған, әрдайым халқына жақын округ әкіміне ризашылығын білдіреді. Шексіз алғысын көпшіліктің алдында 80 жасқа толуына байланысты құттықтау қабылдаған Александра Екимова да білдірді. Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермей, уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалған ата-әжелеріміздің батасын алудың өзі бір ғанибет емес пе, ағайын?...
Красносельск ауылының кәсіпкері Александр Пирог та Қарттар күнін атап өтуге өз септігін тигізді. Мерекелік кешке демеушілік жасап қана қоймай, құттықтау сөзінде егде жастағы кісілерге жем үлестіріп беруге уәде берді. Ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Азамат Бердалинов та жамағатқа өзінің жылы лебізін білдіріп, салтанатты түрде «Сұлу» ЖШС-нің директоры Александр Пирогқа аудандық білім беру бөлімінің «Жомарт жүрек» мадақтамасын табыстады. Атап өту керек, жомарт жүрек, қолы ашық ел азаматы жыл сайын ауылдың ата-әжелерін құттықтап, дастарқан жаюмен қатар, білім саласына да, өзге салаларға да материалдық тұрғыдан үнемі барынша жәрдемдесіп жүреді. Жиналғандардың бірі марапаттауларға ие болса, енді бірі сахна төрінде ән салып, өнерлерін паш етті. Жалпы, мерекелік отырыс, әдеттегідей, жақсы өтті десек те болады. Ауылдық және сырттан барған өнерлі жандардың жүректен шыққан әсем әуендері жүрекке жете білді.
12.06.2025 08:33
В рамках реализации государственной политики по повышению уровня знаний налогового кодекса, воспитания правовой культуры граждан в вопросах защиты средств и...
12.06.2025 08:31
Традиционный конкурс профмастерства к Дню химика на АО «Варваринское» и на этот раз провели креативно. Участники, сотрудники пробирно-аналитической лаборатории, показали...
12.06.2025 08:30
5 июня на центральной площади с. Айет состоялось яркое событие, открывшее праздничный месячник, посвящённый Национальному дню домбры. Концерт под названием...
12.06.2025 08:29
В рамках реализации государственных программ, направленных на занятость детей в летнее каникулярное время при организациях образования и учреждениях дополнительного образования,...
12.06.2025 08:28
Произошло событие, заслуживающее внимание и уважение: жители улицы Школьная в селе Новоильиновка объединились ради общего дела и своими силами привели...
12.06.2025 08:27
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Бейімбет Майлин аудандық мешіті жамағаты және аудандық спорт бөлімі қолдауымен волейболдан дәстүрлі жарыс ұйымдастырылады. Жарыста...
12.06.2025 08:26
Өткен аптада Құрбан айт мерекесіне орай Бейімбет ауданы «Әйет» мешітінде игі іс-шаралар ұйымдастырылып, көпшілікке қуаныш сыйланды.
05.06.2025 12:08
В канун Дня защиты детей АО «Варваринское» организовало для ребят праздник и подарило детворе Асенкритовского сельского округа сладкие подарки.
05.06.2025 07:52
Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйінде халық театрының ұсынуымен Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Ақын тағдыры» атты реквием-спектакль қойылды.
05.06.2025 07:51
Жительница сельского округа Байшуқ Ижбульдина Раиса Маликовна известна всем как активный участник всех мероприятий села, района и области. Она благодарна...
05.06.2025 07:50
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тобыл кентінде балаларға мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл күн балғындарға қуаныш сыйлап, естен...
05.06.2025 07:49
1 июня центральная площадь с. Айет превратилась в настоящий остров радости - с яркими красками, звонким смехом и детским восторгом....
05.06.2025 07:48
4 июня отмечается День государственных символов. Этот праздник посвящен Дню утверждения флага, герба и гимна Республики Казахстан.
05.06.2025 07:46
Церемония награждения победителей и призеров международных научных, спортивных и творческих состязаний «Ты лучший!» состоялась 1 июня в SMART-центре IQostanay. Лучшие...
05.06.2025 07:44
Бахыт Байканова, сотрудник МРЦ:Районная газета - вестник родных мест: узнаю новости, читаю о людях нашего района. Особенно нравятся материалы о...
05.06.2025 07:42
Есжанов Талғат Амантайұлы – теміржолшы, Тобыл теміржол байланысы бөлімінің бастығы: Өз өңірінің жаңалықтарынан үнемі хабардар болғысы келетін оқырмандар үшін газет –...
05.06.2025 07:40
31 мая – День памяти жертв политических репрессий и голода. Эта дата в нашей стране отмечается с 1997 года. В...
05.06.2025 07:39
28 мая 2025 года в акимате района Беимбета Майлина состоялось подписание меморандума о сотрудничестве с ТОО «TULPAR RAIL TECHNOLOGIES» (г....