Елбасының 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын тарандықтардың басым көпшілігі, соның ішінде аудандық орталық аурухана ұжымы да тікелей эфирде тыңдауға мүмкіндік алды.
Қазақстан халқына жаңа Жолдауын арнаған Елбасы тәуелсіздік жылдары атқарылған қыруар жұмыстар елдің одан әрі тұрақты дамуына негіз қалағанын мәлімдеді. Бейбітшілік пен тұрақтылықтың арқасында біздің Отан әлемдік кеңістікте өз беделін арттырып келеді. Экономикасы қарқынды дамыған елде азаматтардың да өмір сүру сапасы жақсарып, негізгі салаларды өркендетуге бағытталған бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда. Қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру одан әрі жалғаса бермек. «Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз. Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын», - деген Елбасының сөзін естіген медициналық қызметкерлер шапалақ ұрып, бір марқайып қалды. Қуанбай қайтсін, ақша билеген қазіргі нарық заманында мұндай жалақы қай «тесікке жамау» болсын? Өкінішке орай, ең төмен еңбекақы алатын қызметкерлер аталмыш салада ғана емес, өзге салаларда да бар. Жұмыс бабымен ұжымның жүз пайызы да Жолдауды тамашалай алмағанымен, жиналғандар көшбасшымыздың осы жолы халықтың табысы мен тұрмыс сапасына мән бергеніне риза болды.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында әлеуметтік саладан өзге бағыттарда да тың жұмыстардың атқарылу қажеттігін атап өтті. Медицина, білім, туризм, мемлекеттік қызмет және инфрақұрылымға басымдық берді. «Бүгін әрбір қазақстандық үшін тарихи оқиға деп ойлаймын. Елбасы Жолдауында айтылған әрбір тармақ – егемен Қазақстанның қарқынды дамуына бағытталған тарихи іргетас. Біз Елбасы сенімін ақтап, осы бағытта жұмыла жұмыс істеуіміз қажет», - дейді аудандық мәслихат депутаты Айбатыр Ахметбеков. Айта кету керек, аудан әкімі Қуандық Испергенов бастаған аудан активі, депутаттар да аудандық әкімдіктің үлкен залында жиналып, өзіндік ой түйді.
13.02.2025 07:38
В этом году мы отметим 80 лет со дня Победы в Великой Отечественной войне. В нашей рубрике «Летопись времен» мы...
13.02.2025 07:37
Шаңғы фестивалі – бұл қысқы спорт түрлерін сүйетіндердің және табиғатта уақыт өткізуді жақсы көретіндердің асыға күтетін оқиғасы. Бұл іс-шаралар әдетте...
13.02.2025 07:35
Продолжается активная работа в рамках государственной экологической акции «Таза Қазақстан». Главная цель всех мероприятий направлена на идею экологического патриотизма, объединяющего...
13.02.2025 07:34
Әрбір қоғамның негізін адал еңбегімен өркендететін жұмысшылар құрайды. 2025 жылды «Жұмысшы жылы» деп атап, еңбек адамының мәртебесін көтеру, оның құқығы...
13.02.2025 07:32
МВД напоминает, что при движении по зимней дороге (в гололед, по свежевыпавшему снегу, по укатанному снегу) важно учитывать влияние погодных...
13.02.2025 07:31
Өткен аптаның жексенбісі күні С.Ерғалиев мектебінің базасында аймақтық мешіт жамағаттары арасында ұлттық ойыннан сайыс өтті.
13.02.2025 07:30
В рамках противодействия правонарушений и обеспечения безопасности граждан в центральной районной библиотеке состоялся круглый стол сотрудников отдела полиции, начальника местной...
13.02.2025 07:29
В начале 2025 года Центральная районная библиотека района Беимбета Майлина представила девятый выпуск информационно-справочного издания — «Календарь дат и событий...
13.02.2025 07:28
В минувший понедельник в фойе ДК им. Е. Умурзакова состоялась ярмарка вакансий, направленная на поддержку безработных, в том числе из...
13.02.2025 07:26
2024 год стал знаменательным годом в Костанайской области для Женского крыла партии «AMANAT». 60% из 46 000 членов партии -...
13.02.2025 07:25
АО «Отбасы банк» является оператором по реализации программ и проектов приобретения жилья по льготным и выгодным условиям.
13.02.2025 07:22
В целях повышения эффективности работы с населением, усиления разъяснительной работы общественные приемные партии обеспечивают организацию приема граждан, в том числе...
06.02.2025 08:54
29 января в стенах библиотеки состоялось мероприятие «Заходи! Смотри! Читай!», объединившее любителей книг и ценителей литературы. Библиотекарь Нина Корякина провела...
06.02.2025 08:51
Более 45-ти лет посвятила себя птицеводству Вишниченко (Функ) Наталья Григорьевна, жительница с. Майское.Наталья Григорьевна родилась 30 января 1961 года в...
06.02.2025 08:49
В нашей постоянной рубрике «Человек труда» мы говорим о тех, кто своим примером безупречного труда доказал, что можно заниматься любимым...
06.02.2025 08:40
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияған бастамасы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық, кәсіптік...
06.02.2025 08:37
Салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп ұжымы арасындағы байланысты нығайту аясында Тобыл жалпы білім беретін мектебінде ата-аналары, мұғалімдері және оқушылары...
06.02.2025 08:36
Дін саласы – аса нәзік, ұқыптылықты қажет ететін, руханияттың өзегі болған маңызды бағыт. Осы орайда, дін мамандарының жан-жақты, білікті болуы...