Ықылым заманнан ынта-пейілі өнерге ауған Торғай өңірінің «әу» демейтін қазағы жоқ шығар. Ән-жыр, күй десе, ішкен асын жерге қоятын осы өңірдің тумасы Әлия Таласбекова да білім саласының маманы болса да, табиғи болмысын, бойына дарыған өнерін шығармашылықпен шыңдауда.
Әлия Таласбекованың әкесі мен анасының музыкалық білімдері болмаса да, өнерге жақын адамдар. «Олар жас кездерінде «Арай» музыкалық ансамблін құрастырып, көрші ауылдарды аралап, жұмысшылардың көңілдерін сейілтіп, концерт беріп жүретін. Сол өнерлерін тастамай, балаларына, яғни бізге үйретті. Әкем кішкентайымда домбыраға, баянға әуестігім болғандықтан, осы аспаптарды ойнауға үйретті.Әлі есімде... Баянды іздеп жүріп, арнайы Алматыға барып, маған әкелген болатын. Сол кезден-ақ түрлі байқауларға, айтыстарға қатыстырды. Еңбегіміз зая кеткен жоқ. 3-сыныпта оқып жүргенімде облыстық айтыстан жүлделі 3-ші орынды жеңіп алдым, 6-сыныпта Арқалықта өткен республикалық «Әнші балапан» байқауында лауреат атандым. Қазіргі таңда Николаев мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп жүрген жайым бар. Бірақ, өнерге деген жақындығым әкем мен шешемнің қанынан тараған. Отбасымыздағы бауырларымның бірі домбырада, енді бірі баянда ойнайды, сіңлім екеуміз бірге ән айтатын едік. Асқар таудай әкемнің жетекшілігімен Торғайда отбасылық ансамблімізбен сахна төрінде өнер көрсететінбіз», - дейді әңгімеміздің арқауы болған Әлия Амантайқызы.
Мектепті бітіргеннен кейін мұғалімдікті таңдаған Әлия Таласбекова реті келгенде сахнаға шығып, өнерімен тамсандыруға тырысады. Аудандық мәдениет үйімізде ұйымдастырылған мерекелік концерттердің бірінде көрермендердің қошеметіне бөленген орындаушының табиғаты Жанар Айжановаға, Мәдина Ералиеваға, Жазира Байырбековаға жақын болғандықтан, аталған әншілердің әндерін сүйіп тыңдайды, көбінесе, халық әндерін де орындайды екен. Әлия Амантайқызының үлкен қызы би билеуді, ал екінші қызы ән айтуды ұнататын көрінеді. «Өнер атаның қанымен, ананың сүтімен дариды» деген осыдан шыққан болар. Естеріңізде болса, қазақ күй тарихындағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Шалмырза, Қазанғаптардың бірі де ешқандай нота білмеген. Сонда да олар біздің қазақ тарихындағы асқан дәулескер күйшілер болды. Осылардың ғұмыр жолдары, тұрмыс-тауқыметі де әралуан өтті. Мысалы, Құрманғазы өте жарлы болса, Дәулеткерей дәулетті, малды кісі еді. Елдің сүйіспеншілігіне бөлену үшін музыкалық білімнің болуы міндет емес екендігіне еріксіз көз жеткізесің. Солай емес пе?... Айтпағымыз, «бұйырған кетпейді» демекші, ұлттық өнерді дәріптеуші Әлия Таласбекова сияқты дарынды жандар үшін, ең бастысы, көптің қошеметі.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...