Қазанның 17-ші жұлдызында аудан әкімінің орынбасары Назгүл Манасованың қатысуымен жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті. Өңір жастарының өзекті мәселелерін шешу жолдарының тиімді механизмдерін талқылап қана қоймай, нақты жүзеге асыру мақсатымен ұйымдастырылған кездесуде қандай тақырыптар талқыланды?
Жиын барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің, денешынықтыру және спорт бөлімінің, экономика және қаржы бөлімінің басшыларының жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша есептері тыңдалды. Жастар саясаты шеңберінде Таран ауданының жастары арасында өткізілетін жұмыс туралы баяндама жасаған ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанна Калимова «Біз ауылдық аймақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға тиіспіз. Бұған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының іске қосылуы ықпал етеді. Осы жоба арқылы біз өңірлерде еңбек идеологиясын ілгерілетумен айналысамыз. Бойскауттық қозғалысқа ұқсас «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құру, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту қажет. «Өз жеріңді таны» жаңа бастамасының шеңберінде еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін жаңғырту қажет. Біз ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуге тиіспіз», - дей келе, нақты сандар мен әлеуметтік маңызы бар жобалардың жүзеге асырылуына, биылғы жылы атқарылған жұмыстарға екпін жасады. Спорттық инфрақұрылымның дамуына және жастарды тарту бойынша іс-шаралар жайлы есеп берген денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марс Шұңғырбаев сөзін қорытындылай келе, ауданымыздың барлық спорттық нысандарының қолжетімді екендігін, әрі белгіленген кесте бойынша ақысыз негізде жұмыс істейтіндігін атап өтті. Ал, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Валентина Ересько жиналғандарды «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында ақпараттандырды. Оның айтуынша, 14 маманға, соның ішінде 29 жасқа дейінгі 11 маманға бюджеттік несие, құжаттарын тапсырған 20 маманға көтерме жәрдемақы берілген. Бірақ, өкінішке орай, 2009-2018 жылдар аралығында әлеуметтік қолдауға ие болған 341 маманның 81-і келісімшартын бұзған көрінеді.
Жалпы, кеңесте қордаланып жүрген біраз мәселелер талқыланып, бірқатар тиімді ұсыныстар да айтылды. Енді берілген айқын тапсырмалар орындалса болғаны, себебі отырыс нәтижесінде жастардың өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндік берілсе, олардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуін іске асыратын боламыз. Оқырман қауым, газетіміздің алдағы сандарында міндетті түрде олардың әрқайсысына тоқталып, әр тақырыпты кеңінен ашатын боламыз.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...