- Подробности
-
Категория: №43 (10363) от 25 октября 2018 года
-
Создано 25.10.2018 06:10
-
Автор: Жанар Қасымова
-
Просмотров: 4930
- Жақында дүкенде менің 2000 теңгелік купюрамды «ескірген банкнота» деп қабылдамап еді, мен бірден жергілікті банкқа бардым. Банк қызметкерлері ақшамды Ұлттық банкте қабылдайды деген болатын. Ал, екінші рет дәл сол купюрамен әкем барғанда, олар сол жерде-ақ бірден жаңа купюраға айырбастап берді. Ескірген банкноттарымды сауда нүктелерінде қабылдамаса, не істеу керек?
- «Егемен Қазақстан» ақпараттық сайтының мәліметіне сүйенсек, 2016 жылдың 3 қазанынан бастап екі, бес және он мыңдық купюралар қолданыстан алынып тасталды. Бұл ақшалар 2006 жылы шыққан. «Егер де қазіргі таңда аталған банкноттарды қандай да бір мекеме қабылдаудан бас тартса, Ұлттық банкке барып, шағымдануға толық құқыңыз бар», – дейді қаржы мамандары. Сондай-ақ, Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасының мәлімдеуінше, егер Сіз үйден Бәйтерек бейнеленген осындай ескі ақшаны тауып алсаңыз, алайда, оны ауыстыру уақыты өтіп кетсе, абыржудың қажеті жоқ», – дейді. Айта кетейік, Қазақстан бойынша аталған банктің барлық бөлімшелері 2016 жылдың 3 қазанынан бастап, 2020 жылдың 3 қазанына дейін төрт жыл бойы купюраларды ауыстыру аясында жұмысын жалғастыра береді. Қолданыстан алынған купюраларды айырбастауға қатысты мәселе туындаса, екінші деңгейлі банктерге немесе ҚР Ұлттық банк филиалдарына хабарласыңыз.