- Подробности
-
Категория: №45 (10365) от 8 ноября 2018 года
-
Создано 08.11.2018 11:30
-
Автор: Жанар Досмухамбетова
-
Просмотров: 5214
Рухани келісім күніне орай, Рудный қаласының «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен облыстық спорттық жарыс өткен болатын. Біздің тарандықтар жүлдеге ие болды ма?
Волейболдан өткен жарыс христиан, мұсылман діндерінің өкілдерінің басын қосты. «Жүрегіміз бөлек болса да, ниетіміз бір, тіліміз бөлек болса да, тілегіміз бір. Сондықтан, бірлігіміз бен рухани келісімнің арқасында ұлтаралық достықты нығайтуға септігін тигізетін аталмыш іс-шараға біздің жерлестеріміз де қатысты», - дейді аудандық «Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Хамзин. Тамаша ойын үлгісін көрсеткен мешітіміздің белсенді жастары тартысты бәсекеде бар шеберліктерін көрсетті. Шабуыл жасап, қорғанысқа да шыққан тарандықтар өз командалары үшін аянып қалмады. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде ауданымыздың жастары екінші орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтамалар мен медальдар табыс етілді. Жеңістеріңіз құтты болсын!