- Подробности
-
Категория: №49 (10344) от 7 декабря 2018 года
-
Создано 06.12.2018 06:23
-
Автор: Жанар Нұрахмет
-
Просмотров: 3874
Өткен аптада күллі ел Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Айтулы күн аудан орталығында да кең ауқымда аталып, мереке иесінің құрметіне құттықтаулар мен марапаттауларға толы болған тамаша концерт ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік,1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы алғашқы еркін сайлауда өздерінің Тұңғыш Президенті етіп сайлау арқылы қолына елдің тағдырын сеніп тапсырды. Елбасымыздың данагөйлігі мен кемел саясатын, осы күнге дейін жеткен жетістіктеріміз жайлы кеш жүргізушілері ғана емес, аудан әкімі Қуандық Испергенов та тілге тиек етті. Көшбасшымыздың жетекшілігімен еліміздің дамуына барша қазақстандықтар да, соның ішінде, тарандықтар да өз үлестерін қосты десек, артық айтқанымыз емес. Осы орайда, дәл осы күні Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Астана - 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен салтанатты түрде Тобыл кентінің әкімі Баймағамбет Каукин және «Стройтэкс» ЖШС-нің директоры Хачик Аракелян марапатталды. Сондай-ақ, еңбектегі жоғары жетістіктері үшін Валентина Маринченкоға, Ильгиз Бейсенгуловқа, Лилия Клочковаға, Елена Бимагамбетоваға, Жанылсын Мальбаеваға, Людмила Нурмухамбетоваға, Тамаша Бегимбаеваға, Роза Хамитоваға, Әйгерім Махмутоваға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.
Бірлігі жарасқан еңселі ел екенімізді дүние жүзі мойындады, ағайын. Ұлтты ұйыстырып, ұлысты ұтыстыра білген Елбасының мерейін асыратын аталмыш іс-шара патриоттық рухымызды, қазақы болмысымызды асқақтатын музыкалық нөмірлерімен ерекшеленді, жергілікті өнерпаздар көрермендерге, қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлай білді. Ал, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы қызметкерлері мәдениет үйінің фойесінде «Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті», ал Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Ұлт көшбасшысы» көрмесін ұсынып, мазмұнды мағлұмат берді.