Өткен аптада «нар шөгіп, аруақ қонған» киелі де, қасиетті мекен Таран жерінде Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы аясында «Салауатты өмірді насихаттау мақсатында» XVI дәстүрлі спорт сайысының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
«Қайырлы кеш құрметті тарандық жанкүйерлер мен сайыскерлер! Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы XVI спартакиада қатысушыларының шеруін бастаймыз!». Осылайша, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің залында өткен ауқымды спорттық шараның салтанатты рәсімі басталды. Марш әуенімен спорт залының төріне бет бұрған шерудің алдыңғы қатарынан мемлекеттік кірістер басқармасы мен ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің құрама командасы көрінсе, салтанатты жүрісті аудандық орталық аурухана мен «Тарановец» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының құрама командасы тұйықтады. Содан соң жарыс төрағасы жиналғандардың алдында қысқа да, нұсқа баянат берді.
Сегіз құрама команданың қатысушыларын осынау спорттық мерекемен құттықтау үшін арнайы келген қонақтардың бірі Александр Ильченкоға сөз берілді. Таран ауылдық округінің әкімі өңіріміздегі спорт саласының өркендеп, осы саланың дамуына өзіндік ықпалын тигізіп жүрген қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының Туына тік тұрған спортшылар мен жанкүйерлер бір кісідей шынайы патриотизм ретінде еліміздің Әнұранын орындады. Денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Марс Шұңғырбаев өз кезегінде нағыз патриот қана абырой үшін тайталаста барын салатынын жеткізді. Сондықтан да, додаға түсетін командалардың абыройды асқақтату жолында аянып қалмайтындарына сенім білдірді. Кез-келген деңгейде ұйымдастырылатын жарыстарда жан салмау үшін бүгінде мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалып отырғанына оқырман қауым да келісетін болар. Яғни, ауданымыздың әр азаматына спорттың қай түрімен айналысамын десе де, толық мүмкіндік бар бүгінде. Ал, осындай жарыстарда үздік әуесқой спортшылардың, ең мықты спорт командалардың анықталары хақ.
Жанкүйерлердің құлағына «алтын сырға»! Аталмыш спартакиада наурыздың 3-іне дейін созылады. Жарыс спорттың волейбол, шахмат, шағын футбол, арқан тарту секілді басқа да түрлерін қамтиды. Ал, мекеме және кәсіпорын басшылары дартстан сынға түседі. Сондай-ақ, биылғы жылы спартакиада шеңберінде шаңғы тебуден жарыс ұйымдастырылады.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...