"Спорт - бақытқа бастар жол"

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, жалпы халықтың қасиеті, борышы екені баршамызға аян.

«Шынықсаң - шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашанда пайдалы, күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі спорт. Әрбір адам спортпен айналысу керек. Үнемі спортпен айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болып, денсаулығы жақсарады. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін білеміз, сондықтан балалардың ерте жастан спортқа деген қызығушылықтарын ояту керек. «Тәні саудың-жаны сау» - деп, ата-бабаларымыз текке айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане