- Подробности
-
Категория: №6 (10326) от 8 февраля 2018 года
-
Создано 08.02.2018 06:46
-
Просмотров: 3410
«Дипломмен - ауылға» бағдарламасына жүгінуші мамандардың назарына! Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізілгендіктен, қызмет көрсету уақыты оңтайландырылады. Тағы қандай өзгерістер бар?
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, қызмет көрсету уақытын оңтайландырылса, жұмыс істеу ыңғайлырақ болады. Ал, бюджеттік несие мен жәрдемақыларды алу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі сол қалпынша қалады. Келешекте тиісті құжаттар ХҚКО-на тапсырылады деп күтілуде. Десек те, құжаттар сонда тапсырылғанмен, қызмет көрсету аталған бөлімге жүктеледі. Оны да енді уақыт көрсетеді. Сонымен қатар, тиісті құжаттарды тапсырған мамандар небір себептермен көтерме жәрдемақы, несие ала алмаса, ағымдағы қаржыландыру жылының соңына дейін құжаттарды тапсыру күні бойынша кезекте тұрады. Яғни, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін қосымша қаражат ұсынылса, дәл осы кандидатуралар бірінші кезекте қарастырылатын болады. Былтыр бағдарлама аясында бюджеттік несиені он адам алса, биыл жоспар бойынша он төрт маман баспаналы болады. Сондықтан, мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыздар!