- Подробности
-
Категория: №7 (10327) от 15 февраля 2018 года
-
Создано 15.02.2018 06:35
-
Просмотров: 5336
Былтыр Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамын жүзеге асыру барысында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы» жобасы жұмысын бастаған-ды. Осы жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Набережный орта мектебінде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы құрылып, жоспарлы түрде іс-шаралар атқарып келеді.
Осы уақытқа дейін клуб жемқорлық тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, бейнеролик әзірлеу, стенд жасау, «Парасатты азамат» бұрышын орнату жұмыстарын қолға алса, апта басында еріктілер оқушылар мен ұстаздарға «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты ақпараттық буклеттерін үлестірді.
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ұлзира Құлбазарованың айтуынша, жастар әрбір іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына жете мән беріп, өздеріне артылған жауапкершілік пен сенімді жақсы сезінеді. «Ағымдағы жылда білім алушылар арасында «Адал ұрпақ» патриоттық клуб мүшелерінің отырысын, сынып сағаттарын, сурет салу және эссе конкурстарын, «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты пікірталас практикумдары мен «Қазақстан – құқықтық мемлекет» атты айлықтарын өткізу жоспарда бар. Біз осындай маңызды жұмысты жүзеге асыру арқылы жастарға адал ұрпақтың қандай болу керектігін көрсетуіміз керек», – дейді ол.
Бүгінде игі бастама Қостанай облысының түгелдей дерлік мектептерінде сәтті іске асырылып келеді. Осы тұста мектеп әкімшіліктері «Адал ұрпақ» еріктілер клубының қағаз жүзінде емес, іс жүзінде қызмет етуіне қолайлы жағдай жасап берсе екен дейміз.