Қанша отбасы қоныс аударады?

Ресми мәліметтерге сүйенсек, халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру биыл да жалғасады. Ал, ауданымызға бағдарлама аясында қанша отбасы қоныс аударады?

 

Естеріңізге сала кетейік, елімізде халқы тығыз қоныстанған оңтүстік облыстардың тұрғындарын солтүстік аумақтарға ерікті негізде қоныстандыруға арналған жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі. Ол «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасының аясында қолға алынған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі Тамара Дүйсенова: «Көшу әр адамның жеке ісі. Ешкімді күштемейміз. Ниет білдіргендерге жол шығыны, баспана жалдауды айтпағанда, сол барған жеріне үйренісіп кеткенше, ақша береміз. Жұмысқа тұруын да қадағалап отырамыз», – деді. Біле берсеңіз, оңтүстік өңірде халық тығыз орналасқан екен. Оған қоса, балабақшаларда, мектептерде орын тапшылығы, жұмыссыздық деңгейі жоғары. Сол себепті, министрлікте бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, олқылықтардың орнын толтыру керектігін жеткізді.

Бағдарлама аясында оңтүстік өңірінен Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударушылар жоқ емес, бар. Жергілікті жұмыспен қамту орталығының мәлімдеуінше, жоспар бойынша біздің ауданымызға да биыл жиырма отбасы көшіп келмекші.  Қоныс аударушыларға көшіп-қону шығындары үшін жәрдемақылар төленетін болады. Олар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша үй алу кезегіне тұра алады. Басқа да бірқатар жеңілдік бар. Айта кетейік, мемлекет 2018-2020 жылдар аралығында мыңдаған отбасыға оңтүстіктен солтүстік өңірлерге көшуге көмек береді.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане