Көрме жұмысын балалар бағалады

b_600_290_16777215_00_images_images_2018_7_7-2018_10.jpgАстана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Достық» мәдени-танымдық орталығы жас оқырмандарына «Ел жүрегі – Астана» атты арнайы дайындалған кітап көрмесін ұсынды.

 

Елордамыздың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату мақсатымен ұйымдастырылған аталмыш көрме тақырыпқа сай безендірілген. Іс-шараға қатысқан Б.Майлин атындағы орта мектептің оқушылары Қазақстан Республикасының астаналарының қысқаша тарихы мен Астана туралы фотосуреттерімен, елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылармен, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын мол әдебиеттермен танысты. Кітап көрмесіне ондаған кітап қойылды.

«Әлем назарындағы ең жас елордамыздың мерейтойы қарсаңында ұйымдастырған көрмеміздің берері мол болмақ. Жоспарға сәйкес алдағы уақытта да оқырмандарымызға осындай көрмелерді ұсынатын боламыз. Отанымыздың жүрегіне айналған бас қаламыздың осынау мерейтойы құтты болсын!», - дейді орталықтың балалар абонементі кітапханашысы Гүлнұр Ералиева.

Айта кету керек, кітапханалық көрме - бұл бір қатарға кездейсоқ жинала салған басылымдар жиынтығы емес. Бір қарағанда ұйымдастырылуы оңай көрінгенмен, оқырмандармен жүргізілетін жұмыс бағыттарының ең күрделілерінің бірі болып табылатын көрме жұмысын бағалайтын қатысушылар екенін ескерсек, балалардың аталмыш шарадан әсер алғанын байқамау мүмкін емес еді.

 


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане