4,4 тонна өнім сатылды

b_600_290_16777215_00_images_images_2019_1_1-2019_2.JPGЖелтоқсанның 29-ы күні аудан орталығында ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті.


Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 4245500 теңге сомасына 4,6 тонна азық-түлік әкелінген. Тұтынушылар талғамына сиыр еті, жылқы еті, шошқа еті, шұжықтардың түр-түрі, балық, жұмыртқа және тағы басқа өнімдер ұсынылды. Осы жолы да жәрмеңкеге ауданымыздың ғана емес, Лисаков, Қостанай қалалары мен Жітіқара ауданының да ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің бірқатары қатысты. Барлығы халық үшін ұйымдастырылған жәрмеңкеде 4,4 тонна өнім сатылған.
Жәрмеңке өткен күні аяз болғанымен, таңғы тоғыздан орталыққа жинала бастаған халықтың саны аз болған жоқ. Дәстүрлі түрде өткізілетін жәрмеңке өңірлік тауар өндірушілердің өнімін өткізудің тиімді тәсілі болғанымен, сатушылардың бірінің өзара бәсекелестікке көңілі толмаса, енді бірі «етіміз майлы, әрі арзандау, сондықтан да адамдардың басым бөлігі өнімді бізден сатып алады» дейді. Жүргізген сауалнама барысында сатып алушылардың да ойлары екіге бөлінді. Қалай десек те, жаңажылдық мерекенің қарсаңында ұйымдастырылған жәрмеңке ойдағыдай өтті.


Яндекс.Метрика
Курс валют в Казахстане