XX ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті, тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді.
Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарында Қазақстан да бар болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдесті деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, туған жерінен тыс, алыс жерлерге күшпен жер аударылды. Олардың қатарында екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған корей, шешен, ингуш, түрік, болгар, Қырым татарлары және басқа халықтар мен этникалық топтар өкілдері болды.
1941 жылы Кеңестер одағының Еділ өңірі мен Поволжья аудандарын мекен еткен немістерді күштеп жер аудару туралы құжатта: “Поволжья ауданында тұрып жатқан неміс халқының арасында Кеңес одағының жауы болған Германия үшін жұмыс істейтін мыңдаған диверсанттар мен тыңшылар бар. Олар Поволжья ауданында төңкеріс жасауы мүмкін. Бұл құжат сол себепті қабылданып отыр”,-деп айтылады. Сол жарлықтан соң іле-шала Краснодар өлкелеріндегі Әзербайжан, Армения, Грузияда тұрған немістерді Қазақстанға эшолон-эшолонмен әкелді.
Людмила Андреевна Киль 5 жасында сіңлісі мен шешесі үшеуін үйлерінен комендант келіп, жер аударылғандармен бірге машинамен пароходқа, одан поезға отырғызып, канша жүргені белгісіз, тізім бойынша, Тобыл станциясына түсірген. Шешесінің ұлты неміс, мамандығы есепші болса да, жұмысқа алмай, қара жұмыс істеп күн көрген. Балалық шағындағы бастарынан өткен небір қиындықтарды есіне алып, көзіне жас алды. Людмила Андреевна өсе келе теміржол бойына жұмыс жасап, тұрмысқа шыққан. 1 ұл, 1 қыз және немерелері бар. Людмила Андреевна 40 жылдай теміржол саласында еңбек етіп, зейнетке шыққан.
84 жасқа келсе де, ширақ қимылдайтын, Людмила Андреевна Киль елімізде бейбітшілік пен ұлттар арасында бірлік тілеп, бізді шығарып салды.
29 мамыр күні «Думан» Мәдениет үйі мен селолық кітапхана бірлесе отырып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және Қазақстанның барлық аймағында республикалық деңгейде аталып өтіп жатқан бір жылы дүниеге келіп, бір жылда репрессия құрбаны болса да, қазақ әдебиетіне теңдессіз үлес қосып кеткен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлин- үш бәйтерегіне арналған «Үш арыс» атты кітабымен таныстырылды. «Үш арыс» кітабы осы дәстүрді қайта жалғап, өткен ғасырдағы және қазіргі кезеңдегі белгілі отандық суретшілердің нәубет құрбаны болған Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің шығармаларын оқи отырып салған туындыларын осы кітап-альбомға жинақтаған. Жобаның ерекшелігі – әдеби туындыны қылқалам шеберінің көзімен тану, көрнекті жазушының әдеби шығармаларын көркемсурет, кескіндеме өнері арқылы паш ету.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...