Наурыздың 19-ы мен 23-і аралығында набережныйлықтар Рудный, Арқалық қалалары мен ауданымыздың ауылдарының спортшыларын қарсы алды. Набережный орта мектебінің қабырғасында волейбол, үстел теннисі және қазақша күрестен жарыстар ұйымдастырылып, топ жарған жеңімпаздар марапатталды.
Жергілікті мәдениет үйінің кітапханашысы Жанна Мирошниченконың ақпаратына сүйенсек, аталмыш жарысқа Рудный қаласының кәсіпкерлер құрама командасы, №15 мектептің қатысушылары, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық колледж студенттері және Калинин ауылдық округінің, Елизаветинка ауылының тұрғындары қатысты. Допты қабылдау әдістерін меңгеруді талап ететін волейболдан өткен турнирде төрт команда бақ сынасты. Бұл ойында 1-орынды Набережный ауылдық округінің құрама командасы жеңіп алса, 2-орын Калинин ауылдық округінің құрама командасына бұйырыпты. Ал, 3-орынды өзара №15 мектептің ойыншылары және кәсіпкерлер құрама командасы бөлісті. Куәгерлердің айтуынша, үстел теннисі жарысы да қызықты, әрі тартымды өтті. Әр ойыншы қарсыласынан жеңіліс таппай, жүлделі орынға ие болу үшін дес бермеді. Нәтижесінде «SANA» корпорациясының қызметкері Амантай Утебаев 1-ші орынды, Арқалық қаласының мұғалімі Олжас Оразалин 2-ші орынды, Набережный орта мектебінің директоры Аманжол Баянбаев 3-ші орынды иемденді.
«Таран қыраны» деген атаумен ұйымдастырылған қазақша күресте Таран, Тобыл, Набережный елді-мекендерінің спортшылары күш сынасты. Төселген күрес кілемінде қара терге түскен балуандар бірінен-бірі кем түспеді. «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» дегендей, жарыс барысында жер бауырлап жатқан қарсыласының белінен алып, ыңғайлы жағына аударып тастау әрқайсысының арманы болды. Төреші болған Набережный ауылдық округінің спорт әдіскері, бірқатар жеңімпаздардың жаттықтырушысы Жәнібек Нағызханның айтуынша, алғашқылардың бірі болып шыққан 42 кг салмақтағы набережныйлық Диас Даулбаев қарсыласын кілемге бір-ақ аударып тастап, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 46 кг салмақта намыс үшін тер төккендердің арасында да осы ауылдың палуаны Сәттібек Баубекұлы жеңді. Тобылдық жаттықтырушы Мейманбек Төлеповтың шәкірттері Бекарыс Бекболат 51 кг, Ильдар Жүзбеков 60 кг салмақ бойынша сынға түскендердің ішінен 1-орынға лайық деп танылды. Ал, 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Набережный ауылының қатысушысы Нұрсұлтан Алдаберген жеңімпаздардың қатарынан көрінді. Айта кету керек, жеңген барлық спортшылар мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың атынан қолдау көрсеткен ауылдық округ әкімі Талғат Түйтебаевқа, демеушілік жасаған жергілікті ЖШС, ШҚ, ЖК алғысымызды білдіреміз.
12.05.2025 12:30
Системаа образования района Беимбета Майлина Костанайской области уверенно демонстрирует прогресс - от высокого охвата дошкольников до блестящих результатов школьников на...
12.05.2025 12:30
Қостанай облысындағы Бейімбет Майлин ауданының білім беру жүйесі сенімді түрде даму үстінде – мектепке дейінгі біліммен қамтудың жоғары деңгейінен бастап,...
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...