«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерінің жетекшілігімен аудандық «Маяк» газетінің 80 жылдық мерейтойына орай фотоқұжаттар көрмесін әзірлеген-ді. «Маяк» газетінің тарихынан» атты көрмеде не ұсынылды?
Сексен жыл үздіксіз жарық көрген басылымда өңірдің сексенжылдық шежіресі де хатталғаны анық. Мейрейтойымызға тарту болсын деп тамыры тереңнен бастау алатын газеттің шығу тарихын қамтитын хронологиялық шежіресін жасаған қызметкерлер көрмені журналистика саласының ардагерлері мен еңбек ұжымы жайлы ақпаратқа сүйене отырып дайындаған. Осы күнге дейін атауы бірнеше рет өзгертілген аудандық газетімізде еңбек еткен редакторлардан бастап, қарапайым қызметкерлерге дейін ұмыт қалдырмау мақсатында олардың өмірбаянын баяндап, жұмыс барысында түсірілген жеке, ұжымдық фотосуреттерін де кіргізген. Мұрағатта ең алғаш шығарылым сақталмағанымен, жарыққа шыққан кейінгі газеттердің көшірмелері бар екен. Газеттің тарихын зерттеумен айналысумен қатар, музей қызметкерлері басқа да маңызды құжаттардың тізімін ұсыныпты.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі, соңғы жылдардағы редакция ұжымы мен олардың бірқатар мақалалары да, газет көшірмелері де назардан тыс қалған жоқ. Сексен жылдың ішінде аймағымыздың тарихымен байланысты газеттердегі деректердің маңыздылығы жыл сайын арта бермек. Ұйымдастырушылар газеттің қоғамда алатын орнына айрықша мән бере отырып, бар мәліметтерге сүйене отырып, қолдан келгендерін жасағанын атап өту керек. «Маяк» газетінің көрмесін жасақтау бағытында үздіксіз жұмыс әлі де жалғасады. Музей қызметкерлері түрлі жәдігерлер, маңызды құжаттар, басқа да музейге жарамды дүниелерді бір жерге жинақтауда. Оқырман қауым, қолыңызда түпнұсқадағы ескілікті газеттер, тарихи суреттер, қолжазбалар болса, лайықты арнайы көрме жасауға сіз де үлесіңізді қосуға шақырамыз. Ал, Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану музейінің ұжымына тосын сыйлары үшін өзіміздің атымыздан алғысымызды білдіреміз.
30.01.2025 12:09
В парке Целинников уже девятую зиму подряд функционирует лыжная трасса протяженностью 1150 метров. В этом году начало лыжного сезона совпало...
30.01.2025 12:08
В АО «Варваринское» выплавили юбилейный – трехтысячный – слиток сплава доре. Событие для предприятия значимое. Первый слиток на фабрике получили...
30.01.2025 12:06
Алексей Рудов уже более 17 лет работает на золотоизвлекательной и обогатительной фабрике АО «Варваринское». Его трудовой путь - это пример...
30.01.2025 12:05
Президенттің 2025 жылды «Жұмысшы Жылы» деп жариялауы – елдегі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жұмысшылардың мәртебесін көтеру және кәсіпкерлік қызметтің жаңа...
30.01.2025 12:04
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына...
30.01.2025 09:10
2025 жылдың 28 қаңтарында Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 7-11 сынып оқушыларына арналған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі...
30.01.2025 09:08
2025 жылдың 24 қаңтарында Қостанай қаласында қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Жансүгіровтің және қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына...
30.01.2025 08:46
28 января 2025 года на базе общеобразовательной школы имени Б.Майлина в целях развития военно-патриотического воспитания, пропаганды воинской службы и 100-летию...
30.01.2025 08:43
Всемирный день выборов инициирован в 2005 году Ассоциацией организаторов выборов стран Европы, полноправным членом которой является Республика Казахстан, как профессиональный...
30.01.2025 08:36
Правительством представлен комплекс мер по оздоровлению налогово-бюджетной системыВ ходе расширенного заседания Правительства под председательством Главы государства Касым-Жомарта Токаева Премьер-министр Олжас...
30.01.2025 08:35
С целью пропаганды здорового образа жизни и популяризации занятий физической культуры и спорта на базе спортивного зала «Автомобилист» состоялась региональная...
23.01.2025 07:45
Костанайская область с января 2025 года перешла на новую систему отбора госслужащих.С января 2025 года в Костанайской области полностью автоматизирован...
23.01.2025 07:43
Профессия агроном - одна из самых древних. Можно сказать, что она появилась, когда люди начали культивировать растения, произрастающие в диких...
23.01.2025 07:39
Ер бала – отбасының тірегі, елінің қорғаны.Мықты қорғаны болмаған елдің болашағы да бұлыңғыр. Ал намыс туын желбіретіп, мемлекеттің айбынын көтеретін...
23.01.2025 07:38
Молодежь - главный стратегический ресурс страны. Поэтому на государственной службе большое значение придается становлению молодых людей как квалифицированных специалистов. В...
23.01.2025 07:37
Еңбек адамы ұғымы кең мағынада қолданылатын ұғым. Бұл ұғым белгілі бір саланың, кәсіптің немесе өнердің дамуына жанын салып, адал еңбегімен...
23.01.2025 07:36
Теперь в областном центре появились комфортные школы, где детей обучают на государственном языкеДолгожданное событие состоялось 15 января. Учреждения открылись в...
23.01.2025 07:34
В храме святого великомученика Димитрия Солунского, как и каждый год, прошла крещенская служба, собравшая несколько десятков верующих. Праздничное богослужение состоялось...