Қазанның 13-і күні Тобыл елді-мекенінің «Думан» мәдениет үйінде қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласының жақсылыққа қадам бастауына өзіндік септігін тигізетін «Харекет» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
«Қайырлы күн, қадірлі қауым! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандарға көрсетуге арналған «Харекет» атты қайырымдылық концертіне қош келдіңіздер!», - деп концерттік бағдарламаның шымылдығын ашқан жүргізушілер халықты жабырқау жандардың азаюына, жадыраған көңілдердің көбеюіне жәрдем беруге шақырды. «Азаматтығымызды, елдігімізді көрсетудің реті келіп тұр! Біз, көп ойлана келе, «тәуекел» деп осы жүкті алуға бел будық... Ендігі мәселе – сіздің қолдауыңызда! Барлық іс (жиналған сома, мұқтаж адамдар, алынған үйлер, т.с.с.) ашық болады! Әр жасалған іс әлеуметтік желілерде үзбей жарияланады! Сіздің салған 1000 теңгеңіз бір баспананың кірпіші болмақ», - дей келе, Мейрам Можебаев халқымыздың «Жылу жинау» дәстүрінің қайта жаңғырып жатқанын тілге тиек етті. Мәселен, бұрын ата-бабаларымыз ер азаматы қайтыс болған отбасыға көмек ретінде мал беріп, үй тігіп берген екен. Ал, қазір аталған акцияның аясында «1000 теңгеге – баспана» ұранымен сауаптан үміт еткен әрбір азамат қордың шотына 1000 теңгеден салынады. Қордың құрылтайшылары қатысқан жалпы жиында кеңесіп, баспананың кімдерге берілетіні шешіледі. Сатып алынған үй немесе жер телімі әлеуметтік желіде жария түрде көрсетілгендіктен, әр салымшы өзінің ақшасы нақ мұқтаж жанға жетіп жатқанының куәсі болады.
«Харекет» қайырымдылық акциясының шеңберінде өткен тамаша концерттің ұйымдастырылуына ұйытқы болған тобылдық Жасұлан Бекмағамбетов, Мейрам Можебаев, Динара Абишева, Ақтөре мен Бауыржан ауданымыздың өнерпаздарын шақырып, мәдениет үйінің кіреберісінде өз қолдарымен жасалған заттардың шағын жәрмеңкесін паш етті. Оған қоса, жергілікті «Исток» және «Дильназ» дүкендерінде қаржы жинауға арналған жәшіктер орнатылды. Айта кету керек, қор белсенділері түскен барлық қаражатты «Харекет» қайырымдылық қорына жіберетін болады.
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...