Сенбі күні таңғажайып театр өнеріне қаныққысы келген тарандықтар аудандық мәдениет үйінде жиналды. Дәл осы кеште гастрольдік сапармен қалжың сүйер қауымның қошеметіне бөленіп жүрген «Керемет» театр-студиясы танымал қойылымдарымен қоса, жаңа туындыларын да ұсынды.
«Сіздердің есіктен кіріп жатқаныңызды, отырғандарыңызды көрген кезде, «жақсылық жасайтын, ауру балаға қол созатын ағайындар бар екен» деп қуанып қалдық. Әр алған билеттеріңіз өздеріңіздің балаларыңызға, немере-шөберелеріңізге мың есе қайтсын дейміз. Біз Қостанай облысына келген емеспіз. Бүгін бұл біздің төртінші концертіміз. Қайда барсақ та, жымиып отырған, расында да, демалайын деп отырған ағайындар. Бұл өмірде жақсылық жасағанға не жетсін? Сіздердің кішкентай, танымайтын бөтен бір балаға көмектесіп жатқандарыңыз үлкен еңбектің арқасы деп ойлаймын», - дей келе, театр директоры, актер Алмат Сақатов бірінші көрініске кезек берді. Бұл кісі қандай көмек жайлы айтып отыр? Мәселен, Семей өңірінің тұрғыны Лаура Бектемированың айтуынша, Жәңгір есімді үш жарым жасар баласы балалардың церебралдық параличі ауруымен ауырады. Ай сайын қажетті кешенді ем-шараға үш жүз мыңдай ақша кетеді. Нәтиже жоқ емес, бар. Бірақ, құрсағынан шыққан баласын аурудан айықтыру үшін Қытайға барып, тәуекелге бармақшы. Оған миллионға жуық қаражат қажет. Шарасы қалмай, қиналған ана театр ұжымынан көмек сұраған еді, олар көмек қолын созған екен. Айта кету керек, сонау Алматыдан ат терлетіп келген театр әртістері Лаураға ғана емес, басқа жандарға да жәрдемдесуде. Еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылатын бағдарламалардан жиналған қаражат науқас бүлдіршіндердің ем-домына жұмсалады.Қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен жеткізіп, әлгі әзілді шыңдықпен ұштастыра білген әртістердің таңдалған тақырыптары сан түрлі десек, артық айтқанымыз болмас. Ойлап қарасақ, әр әзілде бір үлкен мағына, түйін бар. Оны көрерменге орынды, шебер жеткізудің өзі өнер ғой. Әжуаға негізделген монологтар да, шағын қойылымдар да жұртшылықтың көңілінен шықты. Соңында театр-студиясын қошеметпен қарсы алған, тіпті, сахнаға шығып, әртістік шеберліктерін паш етуге мүмкіндік алған көрермендерге ризашылықтарын білдірген өнер иелері ел азаматтарына алғыс хаттарын табыстады.
06.02.2025 08:54
29 января в стенах библиотеки состоялось мероприятие «Заходи! Смотри! Читай!», объединившее любителей книг и ценителей литературы. Библиотекарь Нина Корякина провела...
06.02.2025 08:51
Более 45-ти лет посвятила себя птицеводству Вишниченко (Функ) Наталья Григорьевна, жительница с. Майское.Наталья Григорьевна родилась 30 января 1961 года в...
06.02.2025 08:49
В нашей постоянной рубрике «Человек труда» мы говорим о тех, кто своим примером безупречного труда доказал, что можно заниматься любимым...
06.02.2025 08:40
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияған бастамасы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық, кәсіптік...
06.02.2025 08:37
Салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп ұжымы арасындағы байланысты нығайту аясында Тобыл жалпы білім беретін мектебінде ата-аналары, мұғалімдері және оқушылары...
06.02.2025 08:36
Дін саласы – аса нәзік, ұқыптылықты қажет ететін, руханияттың өзегі болған маңызды бағыт. Осы орайда, дін мамандарының жан-жақты, білікті болуы...
06.02.2025 08:35
Жуырда облыс орталығында өткен жиында аудандық «Әйет» мешітінің бас имамы Ислам Хамзинге ҚМДБ Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс...
06.02.2025 08:31
Продолжая инициативу по выявлению и поддержке талантливых школьников в области научно-технического творчества, инновационных технологий и развития потенциала развития робототехники и...
30.01.2025 12:09
В парке Целинников уже девятую зиму подряд функционирует лыжная трасса протяженностью 1150 метров. В этом году начало лыжного сезона совпало...
30.01.2025 12:08
В АО «Варваринское» выплавили юбилейный – трехтысячный – слиток сплава доре. Событие для предприятия значимое. Первый слиток на фабрике получили...
30.01.2025 12:06
Алексей Рудов уже более 17 лет работает на золотоизвлекательной и обогатительной фабрике АО «Варваринское». Его трудовой путь - это пример...
30.01.2025 12:05
Президенттің 2025 жылды «Жұмысшы Жылы» деп жариялауы – елдегі еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, жұмысшылардың мәртебесін көтеру және кәсіпкерлік қызметтің жаңа...
30.01.2025 12:04
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына...
30.01.2025 09:10
2025 жылдың 28 қаңтарында Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 7-11 сынып оқушыларына арналған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі...
30.01.2025 09:08
2025 жылдың 24 қаңтарында Қостанай қаласында қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Жансүгіровтің және қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына...
30.01.2025 08:46
28 января 2025 года на базе общеобразовательной школы имени Б.Майлина в целях развития военно-патриотического воспитания, пропаганды воинской службы и 100-летию...
30.01.2025 08:43
Всемирный день выборов инициирован в 2005 году Ассоциацией организаторов выборов стран Европы, полноправным членом которой является Республика Казахстан, как профессиональный...
30.01.2025 08:36
Правительством представлен комплекс мер по оздоровлению налогово-бюджетной системыВ ходе расширенного заседания Правительства под председательством Главы государства Касым-Жомарта Токаева Премьер-министр Олжас...