Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі», – дейді. Иә, жаңалықтың жаршысына айналған басылымдардан қай саланың маманы болса да, өзіне керектіні табады. Сондықтан, халық қажетті дүниелерін жылдам алу үшін газет дер кезінде қолына түсуі керек.
Тобыл кенті тұрғыны, теміржолға еңбегі сіңген ардагер, Б.Майлин ауданының құрметті азаматы Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлымен аудандық «Aiet shamshyragy» гезеті туралы пікірін біліп, сұхбаттасқан едік.
- Қазір айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған ғаламтордың дамыған заманы. Десе де, газет туралы не айтар едіңіз?
- Бұл күнде газеттен гаджет озған заман болып тұрғаны рас. Алайда, ақпарат айдынында мерзімді басылымның өзіндік алар орны орасан, мүлдем бөлек. Шынайы ақпарат. Байыпты сараптама. Нақты тұжырым.Таңбаланған тарих. Секунд сайын жаңарып тұратын сайттардан, айрықшалап тұратын негізгі басымдық – газет. Аудандық газет шығаруды табысты жүзеге асырып отырған «Aiet shamshyragy» газет ұжымының межелі міндеттері, жаңашыл бастамалары аз емес. Тарихы тереңнен тамыр тартатын аудандық газет өңір өмірінің айнасы. Газетте аймақ өмірінің барлық саласын қамтуды да қалыс қалдырмауға тырысады. Қазір қоғамда ақпараттық технологиялардың дамуымен қатар басылымдардың рөліне де ерекше мән берілуі керек.
- Газетке деген көзқарасыңыз қалай? Газет көп оқисыз ба?
- Өз басым, бос уақытымды әлеуметтік желіге арнағаннан гөрі, газет-журналмен дос болуды артық санаймын және мұны әдетке айналдырдым. Ғаламтормен жұмыс істеу тиімді әрі жедел болғанымен, ондағы ақпараттың дәлдігі мен шынайылығына ешкім кепілдік бере алмайды. Ал баспасөз беттерінде нақты мәліметтер ғана жарияланады. Елдегі болып жатқан елеулі оқиғаларды жұртшылыққа жеткізіп, жан дүниеңді байытып, ой-өрісіңді өсіретін, сезімге сезім, ойға ой қосып, таным көкжиегін кеңейтетін де газет емес пе? Қажет ақпаратты экраннан оқығаннан гөрі газетті қолмен ұстап, сезініп оқыған көңілге де қонымды, жүрекке жақын. Өзіме солай. Газет – қаншама адамның үздіксіз ізденісі, табанды еңбегі. Ел азаматтарының ізгі істері, қоғамдағы өзекті мәселелер жайын айтқан журналистердің мірдің оғындай өткір сөздерін газет бетінен ғана табатын сияқтымын. Сол үшін газет оқырмандарының көп болғанын қалаймын.
Баспасөзге жазылу – ерікті. Бүгін оқырманды газетпен емес, газетті оқырманмен қамтамасыз ету қажеттілігі туған кезеңде сенімді, әрі шынайы ақпарат алғысы келген, елінің ғана емес, өзінің де тағдырына бей-жай қарай алмаған кез келген азаматтың газет оқып, жазылудан қалыс қалмасы анық.
Сөз соңында айтарымыз, газет оқу бұл – зиялылықтың белгісі.
12.05.2025 12:30
Системаа образования района Беимбета Майлина Костанайской области уверенно демонстрирует прогресс - от высокого охвата дошкольников до блестящих результатов школьников на...
12.05.2025 12:30
Қостанай облысындағы Бейімбет Майлин ауданының білім беру жүйесі сенімді түрде даму үстінде – мектепке дейінгі біліммен қамтудың жоғары деңгейінен бастап,...
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...