Қазақстан темір жолының даңқты бір ғасырлық тарихы мен дәстүрі – ел экономикасының сенімді әрі берік іргетасы. Қазақстан экономикасының өсіміне теміржолшылардың қосқан үлесі орасан зор.
Ендеше, ел дамуына елеулі үлестерін қосып жүрген теміржол қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Ғасырлық тарихы бар қазақ теміржолы бүгінгі күні өзгелермен терезесі тең, иық тірестірер дәрежеге жетті. Мұның бәрі теміржолшы болып еңбек ететін қазақстандықтардың тынымсыз еңбегі мен қажырлы қайратының жемісі.
Теміржолда жұмыс жасап жүрген кісілердің ерен еңбегі, күннің ыстығы мен суығында еңбек етіп, халық шаруашылығын дамытуға, жолаушыларды тасымалдауға қосқан үлестері орасан зор. Әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. кәсібінің шебері болу – әрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Бүгінгі еңбек адамы, өр тұлға, болашақ ұрпақтарға қажырлы еңбегімен үлгі бола білген Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлы- Тобыл кенті тұрғыны, зейнеткер, теміржол саласына еңбегі сіңген құрметті теміржолшы, Б.Майлин ауданының құрметті азаматы.
Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлы – 45 жыл теміржол саласында, яғни жол шаруашылығында үздіксіз жұмыс істеп, тер төккен жан. Адамның шыдамдылығы мен төзімділігінде шек жоқ-ау- деп ойлайсыз. Десек те, тек адам өзі ұнатып таңдаған мамандығын қастерлеп, сүйе білген жағдайда ғана күнделікті тынымсыз жұмыс еш уақытта жалықтырмайды, шаршатпайды. Мұңайтпас Батырбекұлы
1949 жылы 28 қыркүйекте, Қостанай облысы Семиозер ауданы Басаман орман шаруашылығындағы отбасында дүниеге келген. 1967 жылы Қазанбасы орта мектебін бітірген. 1968 жылдан бастап 21-ші жол дистанциясында жол жұмысшысы болып еңбек жолын бастаған. 1970-72 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеп келген соң, Тобыл жол дистанциясында жол бригадирі, жол шебері, аға жол шебері, дистанция директорының орынбасары ретінде әр түрлі қызмет атқарды. 1986 жылдан бастап Тобыл жол дистанциясында 45 жыл еңбек етіп, оның 25 жылында басшылық қызметін атқарды. Зейнеткерлікке шықса да Мұңайтпас Батырбекұлы ел ісіне араласып, үлкен істерді бастауда кейінгі жастарға өз ақылын айтудан жалыққан емес.
Қажырлы еңбегінің арқасында 2002 жылы «Үздік жетекші» 2003 жылы «Құрметті теміржолшы» белгілеріне және Хромтау- Алтынсарин жаңа теміржол желісін салуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрлігінің министрі К.Нығмановтың 28.12.2004 – жылдағы бұйрығымен «Алғыс хатқа» ие болды. Мұңайтпас Батырбекұлы теміржол саласына еңбегі сіңген құрметті теміржолшы, Б.Майлин ауданының құрметті азаматы. Жақында ғана 13.07.2023 жылы «Құрметті ардагер теміржолшы» төсбелгісімен марапатталды.
Қашқымбаев Мұңайтпас Батырбекұлы- өмірде де, қызметте де басына қандай іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын, кезеңдерін көрсе де мойымай күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке. Мұңайтпас Батырбекұлы 1973 жылы Доданова Шайзада Молдақышқызымен отау құрған, 2 ұлы бар.
- Жастайымыздан жұмысқа ерекше жігермен араласып, жаздың шыжыған ыстығында, қыстың сақылдаған аязды күндерінде болат жолдың бойында аса жауапкершілікпен тынбай еңбек еттік. Қазіргі теміржол саласы заман ағымына қарай дамып келеді, тепловоздар ауысып, жұмысшылардың жұмысы шамалы да болса жеңілдеді. Дегенмен де, қай кәсіптің болмасын жеңілі жоқ. Ендігі жерде балаларымыз болашағы жарқын елде бейбіт өмір сүруге жазсын, - деген Мұңайтпас Батырбекұлы батасын беріп, жылы лебізін білдірді. Әрдайым ақпаратпен хабардар болып отыратын Мұңайтпас Батырбекұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі жолдауында теміржолға көп көңіл бөлінетінін, яғни жаңа жолдар салынып, 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін айтты. Сонымен қатар ҚТЖ-ны толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру мәселесіне тоқталды.Алдағы уақытта көлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін тауып, оның сапасы жақсартылады» деген жалынды сөздерінен көп үміт барын айтып өтті.
Қашқымбаевтар әулетінің әр мүшесі теміржол саласының бейнеті мен зейнетін көріп отыр. Атакәсібі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан үлкен шаңырақ теміржол саласында еңбек етіп жүр. Марал Мұңайтпасұлы Қостанай теміржолында кадр бөлімінде, Абзалы Қостанай теміржолында ревизор. Келіндері Ләззат пен Зәуре де теміржолда қызмет атқарады. Немерелері Әлішер Қостанай теміржол вокзалында қызмет жасаса, Ермек Тобыл теміржол станциясындағы байланыс бөлімі басшының орынбасары болып қызмет атқарады. Ал, жұбайы Шайзада Молдақышқызы 52 жыл ұстаздық еткен зейнеткер, педагогика саласының үздік мұғалімі, Тобыл станциясында алғаш қазақ сыныптарын ашып, қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосқан ардагер-ұстаз, балаларының аяулы анасы, немерелерінің мейірімді әжесі.
Қашқымбаевтардың еңбек әулеті теміржол саласында еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында, ел игілігі үшін елеулі жұмыс атқарып келеді. Қоғамдық маңызы зор жауапты қызметтегі біліктіліктері бен көлік және байланыс саласындағы сүбелі үлестері әріптестері де әрдайым жоғары бағалайды. Қашқымбаевтар әулетіне мықты денсаулық, толайым табыс, отбасылық амандық және несібелі жетістіктер тілейміз.
14.05.2025 09:03
13 мая в районе Беимбета Майлина состоялись встречи областной ИРГ группы по разъяснению законодательства в сфере религии. Встречи прошли в...
12.05.2025 12:30
Системаа образования района Беимбета Майлина Костанайской области уверенно демонстрирует прогресс - от высокого охвата дошкольников до блестящих результатов школьников на...
12.05.2025 12:30
Қостанай облысындағы Бейімбет Майлин ауданының білім беру жүйесі сенімді түрде даму үстінде – мектепке дейінгі біліммен қамтудың жоғары деңгейінен бастап,...
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...