Бүгінде өскелең ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім алуы үшін тиісті жағдай жасалуда. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту, мұғалім біліктілігін арттыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар нәтиже беріп келеді.
Аймақтағы мектептерде де балалардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін мүмкіндік мол. Соның ішінде өңіріміздегі мемлекеттік тілде білім беретін «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ қабілетті білім ошағының қатарында. Білім ұясы 2021 жылдан бастап қоғамның дамуына, келешек ұрпақтың сапалы білім алуына сүбелі үлес қосуда. Мектеп 2021-2022 оқу жылы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу көрсеткіші бойынша Бейімбет Майлин ауданы білім беру мекемелерінің ішінде үздік деп танылып, 1 000 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Сондай-ақ, 2023 жылы балаларға мектеп жанынан жазғы сауықтыру орталығын тиімді ұйымдастырғаны үшін мектеп аудан мектептері арасында ерекше көзге түсіп, 650 000 теңгелік сертификатты қанжығалады.
- Оқушыларымыз аудандық, облыстық білім бәйгелерінің жеңімпаздары екенін мақтанышпен атап өткіміз келеді. 9-сынып оқушысы Ауғанбай Шахизат облыстық Абай, Мұқағали оқуларының 3 орын иегері болса, 8-сынып оқушысы Куантай Нұрайлым облыстық Ілияс оқуларының 3 орын жүлдегері әрі облыстық дәрежедегі ақындар айтысының дүлдүлі. Ал 10-сынып оқушысы Алтай Айзере халықаралық «Желтоқсан оқулары-2022», сонымен қатар облыстық Мұқағали оқуларының 2 орын, «Әбіш оқулары» байқауының 3 орын жүлдегері. Біздің мектепте кішкентай бүлдіршіндеріміз де биік шыңдарды бағындырып келеді. Соның дәлелі Республикалық «Балапан» ұлттық телеарнасының ұйымдастыруымен өткен «IBARS» интеллектуалды жобасының қатысушысы мектебіміздің мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Мақсұтхан Мейірбек. Мейірбек бүкіл Қазақстан тамашалайтын телеарнаға шығып, өз білімін көрсете білді. Дарынды балапанның болашағынан үлкен үміт күтеміз! – дейді мектеп басшысы Гүлнар Расуловна Алиева.
Оқушылар білім мен спортты қатар алып келеді. Сөзімізге дәлел ретінде оқушыларымыз аудандық, облыстық волейбол, баскетбол, үстел теннисі, бес асық ойындарының жүлдегерлері.
Айтыс - қазақтың үні екені бәрімізге аян. Айтыскер ақын Ізтілеу Мамай жетекшілік ететін «Айтыс» үйірмесі өз жұмысын жетілдіруде. Айтыстың айтары да көп, себебі облыстық ақындар айтысында топ жарып жүрген жас дарындардың қатарында біздің шәкірттер де төбе көрсетіп жүргенін мақтанышпен айтуға болады. Олар 6-сынып оқушылары Перизат Амин және Дауирбек Алинұр, 8-сынып оқушысы Куантай Нұрайлым. Жас қаламгерлердің айтар сөздері таусылмай, қаламдары ұштала берсін деген ниеттеміз!
Мектеп үшін қазақылық басты назарда, әр сәрсенбі «Ұлттық киім күні» етіп бекітілген. Бұл күні барлық мектеп ұжымы қазақы нақышта киініп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ұлттық киім - ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі»деген қанатты сөзін басты назарда ұстайды. Соның жемісі биылғы жылы Әз-Наурыз мейрамы салтанатында мектеп ұжымы «Ең үздік ұлттық киім» номинациясын жеңіп алды.
- Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға үлкен жағдай жасалған. Дүйсенбі - спорт күні, сейсенбі кітап оқу күні етіп бекітілсе, сәрсенбі «Қазақ халқының 100 әнін» оқушылар үзілісте нақышына келтіріп орындайды. Бейсенбі мектеп оқушыларынан құралған «Өзін-өзі басқару» ұйымы, яғни мектеп парламенті өз жұмыстарын көрсетіп, қызықты ойындар ойнатса, жұма сайын мектеп психологы тренингтер жүргізеді. Осылайша аптаның әр күні оқушылар үзіліс уақытын тиімді әрі қызықты етіп өткізеді. - дейді мектептің оқу ісінің орынбасары Жаңагүл Елибайқызы Назарбаева.
М. Жұмабаев: «Баланы мұғалімнің өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайықтап дайындау керек» деген екен. Сондықтан қазіргі оқушылар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Отбасының да, мектептің де, қоғамның да мақсат - мүддесі біреу, ол - заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
20.03.2025 10:10
Наурыз көже – қазақ халқының ең басты ұлттық тағамдарының бірі. Ол Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде дайындалып, халыққа берекенің,...
20.03.2025 10:10
В канун празднования весеннего праздника Наурыз в областном центре уже шестой год подряд проходит Международный фестиваль хореографического искусства «Наурыз достарын...
20.03.2025 10:09
Семья Цуневских, которой в этом году исполнилось 16 лет, уже давно вписала праздник Наурыз в свою жизнь. Глеб Васильевич и...
20.03.2025 10:04
В Рудном стартовал турнир по хоккею с шайбой среди любительских команд, посвященный памяти тренера Сергея Ананича.В турнире принимают участие 6...
20.03.2025 09:55
Игровая зависимость – одна из серьезнейших проблем общественного психического здоровья во всем мире.Что такое лудомания? Как она развивается?Лудомания - дословно...
20.03.2025 09:54
Қазақ халқы үшін бата – рухани қуат беретін, жақсы тілек тілейтін қасиетті сөз.Батаны, әдетте, үлкендер, оның ішінде елге сыйлы ақсақалдар...
20.03.2025 09:53
Наурызнама – тек мереке ғана емес, халықтың бірлігін, татулығын білдіретін мәдени-тарихи құндылық. Бүгінгі таңда бұл дәстүр қайта жаңғырып, қазақ қоғамында...
20.03.2025 09:52
С 14 марта в Казахстане началась декада празднования Наурыз мейрамы. Каждый день имеет глубокий смысл и будет наполнен мероприятиями, отражающими...
20.03.2025 09:51
Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял участие в четвертом заседании Национального курултаяПодводя итоги общественно-политических реформ, осуществленных в рамках реализации мартовского Послания...
20.03.2025 09:49
КГКП «Областной центр самодеятельного народного творчества и киновидеофонда» Управления культуры акимата Костанайской области организовал творческий конкурс «Сахналық жекпе-жек» для организаторов...
20.03.2025 09:48
В преддверии празднования Наурыз Мейрамы в областном центре на базе школы – гимназии имени Ы.Алтынсарина при содействии областной газеты «Қостанай...
20.03.2025 09:47
Арқалық қаласында 14 наурыз күні Мыржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Алаштың бір ардағы» атты аймақтық Наурыз ақындар айтысы өтті.Қостанай облысының...
20.03.2025 09:46
В минувшие выходные в детско-юношеской спортивной школе с. Айет состоялся благотворительный турнир по мини-футболу, организованный в поддержку Асылхана Жуматова. Молодому...
20.03.2025 09:45
На территории района продолжаются весенние профилактические мероприятия: службы ЧС и предвидели сельских акиматов организуют противопаводковые мероприятия, проводят встречи с населением...
19.03.2025 14:39
Жарылыс жұмыстарын жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес көпірлердегі, бөгеттердегі мұзды қопсыту және ауданның су объектілеріндегі кептелістерді жою бойынша 2025 жылғы 20...
19.03.2025 14:37
В соответствии с утвержденным Графиком проведения взрывных работ, по рыхлению льда у мостов, дамб и ликвидации заторов на водных объектах...
13.03.2025 13:05
Физическая культура играет важную роль в воспитании подрастающего поколения, формируя не только силу и выносливость, но и характер, дисциплину, командный...