Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет.
Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды, – деген еді. Әрине, әр саланың өз қиындығы мен қызығы болады. Кәсібінің шебері болу – әрбір жанның мамандыққа деген жауапкершілігінен бастау алары сөзсіз. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың қақаған аязында қолайсыз жағдайлардың бел ортасында жүретін еңбек адамының қызыметі ерен. Дәл осындай еңбегімен елдің көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі Тобыл теміржол белгі беру және байланыс дистанциясының механигі Құттықбаев Сейтқали Ахметұлы, заманауи құрылғылардың тілін жетік меңгерген білікті маман. Теміржолды сапалы байланыспен қамтамасыз етіп, белгі беру қызметінің мінсіз болуы – маңызды мәселе. Сондықтан дистанция мамандары, байланыс механиктері өздеріне тиесілі учаскелердегі желінің қалыпты жұмыс істеуін мұқият бақылауда ұстап, теміржол мекемелерін сапалы байланыс қызметімен барынша мінсіз қамтамасыз етіп келеді. Қобдиша ішіндегі жанып-өшіп жыпылықтап тұрған нүктедей ғана қызылды-жасылды, сары түсті шамдардың қызметі зор маңызға ие, шағын қорапты болса да, атқаратын қызметі ауқымды. Адал еңбек әрқашан өзінің бағасын тауып, адамды құрметке бөлейді. Қоғам үшін атқарған жұмыстың нәтижелі болуы кімге болсын мәртебе. Теміржол саласына 28 жылын арнаған Сейтқали Ахметұлы еңбектегі жолы оны мәртебеге жеткізіп, құрметке кенелтті.
– Кез келген жұмысқа немқұрайдылықпен қарау табиғатыма жат дүние. Бала кезімнен радиотехникаға қызығушылығық танытып, оның қыр сырын білуге құштар болдым. Адал еңбектің арқасында үлкен жетістікке жетуге болатынын білемін. Міне, талай жыл бойы теміржолда байланыс саласында қызмет етудемін. Тынбай тер төгудің арқасында біраз нәрсе үйрендімде, жастарға үйреттімде. Осылайша жұмысымыз жалғасын табуда. Өзіме ұнағандықтан, өз ісіммен мақтанамын. Әрбір адам өз жұмысына адал болып, соңына дейін жеткізу қажет. Қай жұмыстың да оңайы жоқ. Ол үшін төзімділік пен сабырлық қажет. Кейінгі жастарға да үнемі осыны айтып отырамын. Қиындық кез келген жұмыста болады. Барлығы төзімділік пен шыдамдылықты талап етеді. Бірақ ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге де болмайды. Адам тұрақты болуы керек. Бригадамдағы жігіттердің қай-қайсы болсын өз істеріне мығым. Қуантай Әділбек Сырымбекұлы, Гончарук Александр Викторович, Бирмаганбетов Асылхан Байдрахманұлы сынды жастар іскерліктерін көрсетуде. Теміржол – экономиканың күретамыры десек, сол тамырдың үздіксіз соғуына біздің ұжым да сүбелі үлес қосып келеді деп білемін. Жалпы, теміржол көлігінде байланыс саласының қызметі зор, оған байыпты көзқарас қажет.- деп, әңгімесін түйіндеді Сейтқали Ахметұлы.
Құттықбаев Сейтқали Ахметұлы Тараз өңірінің тумасы. 2013 жылдан осы Тобыл кенті тұрғыны. Жұбайы Қадырқұлова Ақмоншақ Ерсайынқызы Тобыл жалпы білім беретін мектебінде мұғалім. Отбасының тірегі аяулы жар, үш баланың әкесі болған Сейтқали Ахметұлы еңбегі елеусіз қалған емес. Ол Тобыл кентінің белсенді азаматтарының бірі. Бейімбет Майлин ауданы Мәдениет үйі концерттеріне және «Думан» Мәдениет үйі іс- шараларына тұрақты түрде қатысып жүрген өнерпаз жан. Бірнеше рет теміржол саласынан және әкімшілік тарапынан марапатталды.
Иә, адам өз несібесін еңбектен ғана табады. Қолынан келгенін аянбайтын әр адамға әркез сый-құрмет көрсетілуі тиіс. Президенттің: «Қарапайым еңбек адамына деген құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасау қажет» – деп атап өтуі өте орынды. Адал еңбек етіп жүрген кейіпкеріміз Сейтқали Ахметұлының ісі көпке үлгі. Ауыр еңбектің ыстығы мен суығына қатар төзетін еңбек адамы қашанда мақтанышымызға айнала бермек.
28.02.2025 08:15
Больше пятнадцати лет судьба Дома культуры в селе Майское была в подвешенном состоянии. Не пощадило здание время, а юридические и документационные...
27.02.2025 13:02
В Майской модельной библиотеке прошел вечер-элегия «Песни Абая на струнах души», приуроченный к 180-летию со дня рождения великого казахского поэта...
27.02.2025 13:01
По указу Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, 2025 год объявлен годом рабочих профессий. Этот важный шаг направлен на повышение статуса...
27.02.2025 09:12
Тобыл кентінде тұратын әзербайжан қызы Исмаилова Севил Эйваз кызы – өз қатарластары арасында үлгілі оқушы, әрі дарынды спортшы ретінде танымал.Ол...
27.02.2025 09:11
Айгуль ТулеубаеваДень благодарности – это яркий праздник казахстанского патриотизма, единства и дружбы, ключевая цель которого – воспитание у подрастающего поколения...
27.02.2025 09:10
Разиля Шунгурбаева, культорганизаторВ этом году исполняется 30 лет со дня образования Ассамблеи народа Казахстана, занимающей особое место в укреплении межнационального...
27.02.2025 09:09
Қазақстан теміржолы көпұлтты қоғамның ерекше үлгісін көрсетіп келеді. Түрлі ұлт өкілдерінің бір мекемеде тату-тәтті еңбек етуі – еліміздегі тұрақтылық пен...
27.02.2025 09:07
В центральную районную библиотеку поступила новая литература, изданная по государственному заказу. Среди новинок – большой выбор художественной литературы современных авторов,...
27.02.2025 09:07
Тобыл кенті спорткешенінде дзюдо жаттықтырушысы, марқұм Насибов Биннат Акифұлын еске алу мақсатында дзюдодан облыстық турнирі өтті.Турнирге Биннат Акифұлының ата- анасы,...
27.02.2025 09:06
Сотрудники АО «Варваринское» совместно с представителями Тобол-Торгайской межобластной инспекции рыбного хозяйства провели ежегодную экологическую акцию – аэрацию на р. Аят....
27.02.2025 09:04
В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2022 года № 872 «О мерах по дебюрократизации деятельности государственного...
27.02.2025 09:03
В рамках партийного проекта «Кедергісіз келешек» районным филиалом партии «AMANAT» совместно с карьерным центром организована и проведена ярмарка вакансий для...
19.02.2025 13:55
8-9 февраля в городе Астана прошел чемпионат Республики Казахстан по легкой атлетике среди ветеранов и Первенство Республики Казахстан по легкой...
19.02.2025 13:54
Өнерлі балаларды қолдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде дәстүрлі «Алтын микрофон-2025» вокалдық байқауы өтті.Бұл сайыс...
19.02.2025 13:53
Урок безопасности для ребят из Николаевской школы провели представителиАО «Варваринское».Для сотрудников АО «Варваринское» и школьников района уроки безопасности уже становятся...
19.02.2025 13:52
Наступивший новый 2025 год объявлен Президентом нашего государства К.Токаевым годом рабочих профессий. Главная цель проводимых мероприятий – проявить уважение и...
19.02.2025 13:44
Көшпелі концерт – өнерпаздардың елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуі. Мұндай шаралар халықтың рухани азық алуына, ұлттық өнерді...
19.02.2025 13:43
18 ақпан – Қазақстанда көлік полициясы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.Бұл күн құқық қорғау органдарының осы ерекше саласының маңызды рөлін атап өтеді....