18 ақпан – Қазақстанда көлік полициясы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.
Бұл күн құқық қорғау органдарының осы ерекше саласының маңызды рөлін атап өтеді. Көлік полициясы – теміржол, әуе және су көліктеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, қылмыстардың алдын алуға және тергеуге жауапты арнайы бөлімше. Көлік полициясының негізгі міндеті – көліктік инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздікті сақтау. Олар: теміржол вокзалдары мен әуежайларда қоғамдық тәртіпті қадағалау, жолаушылар мен жүк тасымалы кезіндегі заң бұзушылықтардың алдын алу, көліктік қылмыстармен күресу, терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру, жол-көлік оқиғаларын тергеу және реттеу. Көлік полициясы Қазақстанда Кеңес Одағы кезінде құрылып, қазіргі таңда ішкі істер органдарының маңызды бөлімшелерінің біріне айналды. Уақыт өте келе олардың қызметі заманауи технологиялармен жабдықталып, көліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері жетілдірілді. Көлік полициясының қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп, жолаушылардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті сақтау үшін аянбай еңбек етеді. Осындай адал еңбек еткен жан, қазір Қазақстан Республикасы Көліктегі ішкі істер органдарының құрметті ардагері, полиция майоры Утегенов Даут Маратович. Даут Маратович 1996 жылдың наурыз айыннан бастап, 2021-ші жылға дейін полицияда қызмет жасап, қатардағы Арқалық станциясындағы желілік полиция пунктінде милиционерден Тобыл станциясыдағы желілік бөлімше бастығы лауазымына дейін көтерілді. Ол Республикасы Ішкі істер органдарының көліктегі басқармасына қарасты бөлімшелерінде қызмет барысында көптеген құрмет грамоталары және медальдарымен марапатталды. Биыл, 2025 жылдың 18 ақпанында Көлік Полициясы Күні Қазақстан республикасының ІІМ көліктік полиция департаментінің Алғыс хатымен Тобыл станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің ардагері Утегенов Даут Маратович Көлік Полициясы саласында ұзақ жылдар қызмет атқарып, бүгінде ішкі істер органдарының жас қызметкерлерін патриоттық рухқа, азаматтылыққа және тәртіпке тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін марапатталды.
Көлік полициясы ардагерінің алғыс хат алуы – оның көп жылдық адал еңбегінің, кәсібилігінің және қоғам алдындағы қызметінің жоғары бағалануы. Ардагерді осы құрметке ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз! Оның тәжірибесі мен еңбегі қазіргі және болашақ ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Денсаулық, ұзақ ғұмыр және құрметті еңбегінің лайықты бағалануы тілейміз!
19.02.2025 13:55
8-9 февраля в городе Астана прошел чемпионат Республики Казахстан по легкой атлетике среди ветеранов и Первенство Республики Казахстан по легкой...
19.02.2025 13:54
Өнерлі балаларды қолдау және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Тобыл кенті «Думан» Мәдениет үйінде дәстүрлі «Алтын микрофон-2025» вокалдық байқауы өтті.Бұл сайыс...
19.02.2025 13:53
Урок безопасности для ребят из Николаевской школы провели представителиАО «Варваринское».Для сотрудников АО «Варваринское» и школьников района уроки безопасности уже становятся...
19.02.2025 13:52
Наступивший новый 2025 год объявлен Президентом нашего государства К.Токаевым годом рабочих профессий. Главная цель проводимых мероприятий – проявить уважение и...
19.02.2025 13:44
Көшпелі концерт – өнерпаздардың елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуі. Мұндай шаралар халықтың рухани азық алуына, ұлттық өнерді...
19.02.2025 13:43
18 ақпан – Қазақстанда көлік полициясы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.Бұл күн құқық қорғау органдарының осы ерекше саласының маңызды рөлін атап өтеді....
19.02.2025 13:43
14 февраля в большом зале районного акимата под председательством акима района Кайсара Муржакупова состоялось аграрное совещание с участием заместителя руководителя...
19.02.2025 13:40
Библиотекарь Корякина Нина Олеговна провела патриотический урок «Об этой необъявленной войне» для учащихся школы им. Б. Майлина. Встреча была посвящена...
19.02.2025 13:39
В календаре событий 15 февраля отмечен как День вывода войск из Афганистана. В поселке Тобол в дань уважения событиям, памяти...
19.02.2025 13:38
В рамках плана мероприятий, направленных на воспитание в молодежи чувства патриотизма, 14 февраля на базе Майской общеобразовательной школы прошел районный...
19.02.2025 13:37
«Думан» Мәдениет үйі ұйымдастыруымен Тобыл селолық кітапханасымен бірлесіп, Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына арналған «Ерліктің шыңы» атты патриоттық сағат өтті. Бұл...
19.02.2025 13:35
15 февраля в Казахстане отмечается День памяти воинов-интернационалистов — дата, напоминающая о событиях Афганской войны, которая длилась 9 лет, 1...
19.02.2025 13:34
Специальные условия для участников системы «Келешек» предоставит первый кампус британского университета в Астане Coventry University Kazakhstan.Подписано соответствующее соглашение между Coventry...
19.02.2025 13:33
В этом году Ассамблее народа Казахстана исполняется 30 лет. К этой дате был приурочен круглый стол в Доме культуры. В...
19.02.2025 13:30
12 февраля в общественной приемной районного филиала партии «AMANAT» состоялся личный прием граждан акимом района Кайсаром Муржакуповым. В ходе приема...
19.02.2025 13:29
17 февраля аким района Кайсар Муржакупов и председатель правления АО «Варваринское» Абдурахман Исаев подписали меморандум о социально-экономическом сотрудничестве региона и...
13.02.2025 07:38
В этом году мы отметим 80 лет со дня Победы в Великой Отечественной войне. В нашей рубрике «Летопись времен» мы...
13.02.2025 07:37
Шаңғы фестивалі – бұл қысқы спорт түрлерін сүйетіндердің және табиғатта уақыт өткізуді жақсы көретіндердің асыға күтетін оқиғасы. Бұл іс-шаралар әдетте...