Тәрбиеші мамандығы – ең игілікті мамандық. Себебі, ол өзінің білімімен, ақыл-парасатымен, бүкіл болмысымен еліміздің болашақ азаматының тұлғасын сомдап, дамытуға, тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Осы орайда, мереке қарсаңында С.Ерғалиев атындағы мектеп жанындағы интернаттың ардақты тұлғаларының бірі Айслу Жамангузова жайлы сыр шертпекпіз.
«Менің кіндік қаным тамған жерім – Қызыл-жар ауылы. Жергілікті мектептің 8-сыныбын тәмамдаған соң, Жітіқара ауданындағы училищеге оқуға түстім. Бір жылдан кейін қолыма көкөнісші мамандығы бойынша дипломымды алып, еңбек жолын Маңғышлақта бастадым», - деп сұхбатымызды бастаған Айслу апайдың бір шешім қабылдаса, ойынан қайтпайтынын әңгімемізді өрбіте келе байқадық. Кейін ол арнайы білім алғанымен мал дәрігері болуға шешім қабылдап, қостанайлық ауылшаруашылық училищесіне оқуға түседі. Бұл жолы да Айслу Жамангузова таңдаған мамандығы бойынша ветеринар болып жұмыс істейді. Ал, 1997 жылы аудан орталығында мектеп интернаты ашылғанда, көмекші болып жұмысқа орналасыпты.
«Алғашқы жылы интернатта барлығы он жеті-ақ бала болатын.Әлі есімде, олардың он төрті Моңғолиядан келген-ді. 2003 жылы «Дарын» деген атаумен интернатымыз дарынды балаларға арналған мекеме болып өзгертілді. Шынымды айтсам, балалармен тез тіл табысып кететіндігімнен, жұмыста еш қиналғаным жоқ. Сол кездегі балалар бүгінде ер жетіп, есейіп, тұлға, отағасы, отанасы ретінде қалыптасты. Әлі күнге дейін мектептен түлеп ұшқан балаларым хабарласып отырады. Көшеде көрісіп қалсақ та, «Айсұлу апай» деп жүгіріп келіп, құшақтай бастайды. Олардың әрқайсысын өз баламдай көремін», - дейді Айслу Темірханқызы. Кезінде интернатта жатып, оқушы кездерін еске алушы жандардың айтуынша, олар Айслу апаймен сырласып, ақыл-кеңесін алатын.
Ұзақ жылдар бойы интернатта қызмет істеп, зейнетке шыққан Айслу Жамангузова мен Роза Арғынбаеваның қауышқандағы әңгімесінің арқауы интернаттың өмірі, балалар екен. Себебі, ұл-қыздардың туғанындай болып кеткен тәрбиешілер үшін интернат жиырма жылдың ішінде екінші үйіне айналды. Кейіпкеріміздің сөзіне қарағанда, интернат қабырғасында ұйымдастырылатын әр мерекелік іс-шараны өткізгенде, міндетті түрде олардың көңілдері үшін мақтау айтып, шағын сыйлықтар үлестіріп беретін. С.Ерғалиев атындағы мектеп жанындағы интернаттың меңгерушісі Гүлсім Шоңғалова да Айслу Жамангузоваға мінездеме бере отырып, оның адамгершілігі мол, қызметіне жауапкершілікпен қарайтын, ұжымда құрметті екендігін ерекше атап өтті. «Айслу Темірханқызы далаға отыз баламен серуендеп шықса, отыз баланың әрқайсысына кәмпит сатып алып беретін», - дейді ол.
Қазіргі таңда мейірімін төгіп, қамқорлығын аямайтын аяулы жанның немерелерінің қуанышына бөленіп жүрген жайы бар. Жиырма жылдай интернат қабырғасындағы балаларға тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор тәрбиешіге денсаулық, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, талмас қанат тілейміз!
08.05.2025 09:20
В районном Доме культуры села Әйет 30 апреля прошло праздничное мероприятие «Достық Шаңырағы».Мероприятие собрало вокруг себя 7 национальных культурных центров,...
08.05.2025 09:19
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:18
В рамках исполнения государственных программ и проектов на постоянной основе проводятся встречи с населением. По утвержденному плану работы аким района...
08.05.2025 09:16
Тобыл қаласындағы спорт кешені ашылған күннен бастап, 2010 жылдан бері осы мекемеде табанды еңбек етіп келе жатқан Панчук Светлана Станиславовна...
08.05.2025 09:14
В преддверии празднования Дня Защитников Отечества и 9 Мая - Дня Победы в Тобольской общеобразовательной школе был проведен смотр строя...
08.05.2025 09:13
Әр елдің тірегі – ер-азамат, ал ердің еліне деген сүйіспеншілігі оның Отан алдындағы борышын өтеуінен көрінеді.Осы орайда, жақында ғана Отан...
08.05.2025 09:11
1 мая, в День единства народа Казахстана, село Айет стало частью масштабного республиканского спортивного движения - «Бірлік жүгірісі–2025», приуроченного к...
08.05.2025 09:08
Развитие института государственной службы в Костанайской области демонстрирует устойчивую динамику и отражает ключевые направления Концепции развития государственной службы Республики Казахстан...
08.05.2025 09:07
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941–1945) майдан даласында қан төккен жауынгерлермен бірге тылда жан аямай еңбек еткен жандардың да ерлігі ұмытылмайды.Олар...
08.05.2025 08:59
Быржан Есенгалиев, преподаватель НПВ В этом году особенная дата – 80 лет со Дня Победы в Великой Отечественной войне. В канун Дня...
08.05.2025 08:57
В канун празднования 80- летия Победы в Великой Отечественной войне 2 мая 2025 года в стенах общеобразовательной школы имени Б....
08.05.2025 08:56
Менің әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы.Әкем Темірбеков Кәрім Жабықпайұлы 1914 жылы Торғай облысында Қызбел ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын...
08.05.2025 08:54
Лоова Мара Васильевна, Ставропольский край село Кочубеевское (Россия)Приближается самый значимый для истории праздник, День Великой Победы. В этом году мы...
08.05.2025 08:53
Уважаемая редакция! Я, Мищенко Тамара Константиновна, накануне замечательного светлого праздника 9 мая хочу рассказать о своих родителях, ветеранах ВОВ, Ищенко...
08.05.2025 08:51
Айгуль Мадиева, руководитель районного отделения АО «Казпочта» В преддверии Дня Великой Победы – 9 Мая мы вспоминаем добрым словом и светлой памятью всех тех,...
08.05.2025 08:50
Ұлы Отан соғысының ардагері Мадиев Оразалы 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданының Кіндіксай ауылында туған.Бастауыш мектептің мұғалімі болған, Қостанай...
08.05.2025 08:49
В этом году мы отметим 80-летие Победы в Великой Отечественной войне - одну из важных дат мировой истории.Этот юбилей станет...
08.05.2025 08:46
5-7 мая Казахстан с государственным визитом посетит Генеральный секретарь ЦК Компартии Вьетнама5-7 мая по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева Казахстан с...